Сауд Арабия мәліктерінің тізімі

Сауд Арабиясының мәлігі (араб.: الملك‎) — мемлекет басшысы және Сауд патша үйінің басшысы. Сауд Арабиясының алғашқы мәлігі Надж бен Хиджаздың патшасы Әбд әл-Ғазиз ибн Сауд; барлық кейінгі патшалар оның ұлдары.

Сауд Арабия мәлігі
араб.: الملك السعودي

Сауд Арабиясының патшалық байрақ

Лауазымды иеленуші
Салман ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд
Басшылық етеді

Сауд Арабиясы

Басқару түрі

Екі киелі мешіт сақтаушы
Сауд Арабия мәлігі

Ресми резиденциясы

Эр-Риядтағы патша сарайы

Кандидатура ұсынылады

мұрагерлікпен

Өкілеттігінің мерзімі

шексіз

Лауазым пайда болды

22 қыркүйек 1932 жылы

Лауазымдағы алғашқы қызметші

Әбд әл-Ғазиз ибн Әбдірахман әл-Сауд

Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд 1901 жылы Надждың әмірі атанды. 1912 жылға қарай Әбд әл-Ғазиз Надждың барлық дерлік аймағын басып алды. Ол 1926 жылы Хиджаз мәлігі болып жарияланып, Наджды 1927 жылы патшалыққа көтерді. Келесі бес жыл ішінде Ибн Сауд өз патшалығының екі бөлігін жеке бірлік ретінде басқарды. 1932 жылы 23 қыркүйекте ол өз аумақтарын Сауд Арабиясы патшалығына ресми түрде біріктірді.

1986 жылдан бастап мәлік Фахд «Ұлы мәртебелі» атағының орнына енгізген Екі киелі мешіт сақтаушы атағына ие болды. «Екі ғибадатхана» - Меккедегі қасиетті Әл-Харам мешіті және Мединадағы Пайғамбар мешіті. Сауд Арабиясының мәліктеріне дейін бұл атақты, атап айтқанда, Араб Халифатының билеушілері, мысырлық Мәмлүктер мемлекеті мен Осман империясының сұлтандары иеленген.

Сауд Арабиясының негізгі заңы Әбд әл-Ғазиздің ұлдары мен немерелерінің саудиялық тағына құқықты мойындайды, бірақ мұрагерліктің реті көрсетілмеген. Ибн Саудтың ұлдары таққа бірінші кезекте құқылы деп есептеледі.

1953 жылдан бастап мәлік, сонымен бірге, үкіметтің ресми басшысы.

СуретАтыТуған
жылы
Билікке
келуі
Биліктен
кетуі
Қайтыс
болды
Байланысы
1.
Әбд әл-Ғазиз26 қараша 188022 қыркүйек 19329 қараша 1953Әулиеттің негізін қалаушы
2.
Сауд12 қаңтар 19029 қараша 19532 қараша 1964
(тақтан түсірілді)
23 ақпан 1969Вадх Бинт Мұхаммед бинт Ақабтан туған Әбд әл-Ғазиздің бірінші ұлы
3.
Фейсал14 сәуір 19062 қараша 196425 наурыз 1975
(өлтірілді)
Тарфа бинт Абдуллаһ бин Абдултеф әл Шихтан туған Әбд әл-Ғазиздің үшінші ұлы
4.
Халид13 ақпан 191325 наурыз 197513 маусым 1982Әл-Жавара бинт Мұсайыт бен Жилувиден туған Әбд әл-Ғазиздің бесінші ұлы
5.
Фахд16 наурыз 192113 маусым 19821 тамыз 2005Хасса бинт Ахмад Ас-Сұдайриден туған Әбд әл-Ғазиздің ұлы
6.
Абдалла1 тамыз 19241 тамыз 200523 қаңтар 2015Фахда бинт Аси Әл Шұрайымнан туған Әбд әл-Ғазиздің ұлы
7.
Салман31 желтоқсан 193523 қаңтар 2015Хасса бинт Ахмад Ас-Сұдайриден туған Әбд әл-Ғазиздің ұлы

Әулеттің ең ұзақ билік еткен Фахд мәлік болды, ол 23 жыл 1,5 ай билік етті.

Қазіргі тақ мұрагері — Салман мен Фахда бинт Фалақ Әл Хислаянның ұлы, ханзада Мұхаммед ибн Салман (1985 ж.т.).

Уақыт межесі