Авар тілі

Түркі Авар тілімен шатастырмау керек.

Авар тілінің таралуы

Авар тілі - көбісі Дағыстанда, аздап солтүстік Әзірбайжанда, шығыс Грузияда тұратын авар халықының тілі. Кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады.
Оңтүстік және солтүстік 2 наречиені құрайтын ацухс, карак, гид, андаль, закаталь, хузах, салатав т.б. диалектілері бар. Әдеби тілі солтүстік наречие негізінде қалыптасқан. Авар тілі - дауыссыздар жүйесі күрделі, көп септікті, эргатив конструкциялы тіл. Араб жазуына алғашқы талпыныс 15 ғасырдан басталса да, оны кеңірек қолдану 19 ғ-дың екінші жартысы мен 20-шы ғ-дың басында болды. 1927 ж. арабшадан латыншаға, 1938 ж. орыс графикасы негізіндегі жазуға көшті.

Авар алфавиты

А аБ бВ вГ гГъ гъГь гьГӀ гӀД д
Е еЁ ёЖ жЗ зИ иЙ йК кКъ къ
Кь кьКӀ кӀЛ лЛъ лъМ мН нО оП п
Р рС сТ тТӀ тӀУ уФ фХ хХъ хъ
Хь хьXӀ хӀЦ цЦӀ цӏЧ чЧӀ чӀШ шЩ щ
Ъ ъЫ ыЬ ьЭ эЮ юЯ я

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998