Айдың тұтылуы (27 шілде, 2018)

Айдың толық тұтылуы

27 шілде 2018

Солтүстік эклиптика
Тұтылу процесі
Толық1:42:57
Жартылай3:54:32
Барлығы6:13:48
Контактілер

(Алматы уақытымен)

Алғашқы контакт23:14:49
Айдың қараңғылыққа толық енуі01:30:15
Кульминация02:21:44
Айдың қараңғылықтан шыға бастауы03:13:12
Айдың қараңғылықтан толық шығуы, құбылыстың аяқталуы05:28:37

2018 жылғы 27 шілдеден 28-не қараған түнгі Айдың тұтылуы — 2011 жылғы 15 шілдеден кейінгі тұңғыш рет айдың орталық аумақтағы толық тұтылу құбылысы. Толық тұтылуы Алматы уақытымен (+6) 28 шілде күні 02:21-де көрінді.

Жердің түрлі нүктелерінде

Құбылыс Шығыс және Орталық Африка, Орта Азия, Антарктидада 100 пайыз байқалды. Оңтүстік Америка, Батыс Африка, Еуропадағылар құбылысты Ай шығыстан шығып келе жатқанда көре алады, ал Шығыс Азия мен Аустралия керісінше, таңға жақын ай батып бара жатқанда көре алады. Солтүстік Америкада мүлдем көрінбейді.

Ал Қазақстан аумағында құбылыс толық көрінді.

Басқа да құбылыстар

Ай тұтылған сәтте Қызыл жұлдыз да аспанның сол тұсына жақын өтеді деп болжанған. Мұндай сәйкестіктер сиректеу болады, 15-17 жылда бір келеді. Ал айдың ұзақ тұтылуымен бір сәтте жақын тұруы тек 25 мың жылда ғана бір қайталанады[1].

Бұдан кейінгі тұтылу

Бұған дейін толық тұтылу 2018 жылы 31 қаңтарда болған. Келесу тұтылу 2019 жылы 21 қаңтарда болды.

Дереккөздер

Сілтемелер