Аккреция

Аккреция (латын тілінде Асеrеіо — ұлғаю) —1)ғарыштық ұсақ заттар бөлшектерінің бір-біріне тартылып бірігуі. Олардың гравитациялық күш ықпалынан бірігіп, көлемі ұлғайып, ғарыш денесіне айналуы нәтижесінде гравитациялық энергия бөлінеді. Аккреция модельдерін пайдалану негізінде планеталардың жаралуын түсіндіретін қазіргі теориялар қалыптасты;2)екі литосфералық тақта бір-бірінен ажырағанда пайда болатын шекаралық белдемнің ұлғаюы (ашылуы, немесе дивергенция). Аккреция мұхиттағы орталық жотаның бойымен өтіп, бұл жерде жаңа тақга жаралады.[1]

Дереккөздер