Аллан Маркес Лоурейро

Аллан Маркес Лоурейро (порт. Allan Marques Loureiro; 8 қаңтар 1991 жыл[1], Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Наполи" клубының жартылай қорғаушысы.

Аллан Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Аллан Маркес Лоурейро

Туған күні

8 қаңтар 1991 (1991-01-08) (33 жас)

Туған жері

Рио-де-Жанейро, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия
Португалия Португалия

Бойы

173

Салмағы

73

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Италия Наполи

Номері

5

Клуб карьерасы[* 1]
2009—2012Бразилия Васко да Гама52 (0)
2012—2015Италия Удинезе104 (1)
2015—Италия Наполи127 (8)
Ұлттық құрамы[* 2]
2018— Бразилия2 (0)

Карьерасы

Клубтық

2009 жылы "Васко да Гама" клубымен тұңғыш кәсіби келісім шартын жасасты. Сол жылы 5 қыркүйек күні "Атлетико Гояниенсе" клубына қарсы В сериясында клубы сапында алаңға шықты да, 2012 жылы 11 наурыз күні "Мадурейраның" қақпасына тұңғыш голын соқты.

2012 жылы жазда "Удинезеге" ауысты. 2 қыркүйек күні "Ювентуске" қарсы ойында кездесу барысында Антонио Ди Наталенің орнына алаңға шығып, тұңғыш матчын өткізді. Алғашқы голын 2015 жылы 18 қаңтарда "Кальяридің" қақпасына соқты.

2015 жылы жазда "Наполи" футболшысы атанды. 30 тамыз күні "Сампдорияға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.

Ұлттық құрама

Бразилия құрамасы сапында 2018 жылғы қараша айынан бері ойнап келеді. 2019 жылғы Америка кубогына қатысып, құрлық жеңімпазы атанды.

Жетістіктері

Командалық

«Васко да Гама»

  • Бразилия кубогы — 2011

Халықаралық

Бразилия құрамасы

  • Жастар арасындағы әлем чемпионы — 2011
  • Футболдан Америка кубогының жеңімпазы — 2019

Дереккөздер

Сілтемелер