Антибиотик

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; микроорганизмдермен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроорганизмдерді және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар.

Құрамы

Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс және оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 амин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді.[1]

Қызметі және қолданылуы

Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе толықтай жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, химиялық құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әртүрлі салдары болуы мүмкін. Мысалға, денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан, оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зең саңырауқұлағынан, актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады.

Тарихы

Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды.[2]

Дереккөздер