Аралас шындық

Аралас шындық (АШ, ағылш. Mixed reality, MR) — шын және виртуалды әлемдер бірігіп, жаңа орта мен визуализация жасауы, онда физикалық және цифрлы нысандар бірге өмір сүреді және нақты уақытта әсерлеседі. Аралас шындық тек физикалық әлемде, немесе тек виртуалды әлемде ғана орын алмайды, ол шындық пен виртуалдықтың гибриді.[1] Бұған қатысты терминнің бірі Күшейтілген шындық (ЖШ) болып, ол физикалық әлемдегі ақпараттар мен объекттерге виртуралдылық үстемеленеді.

Job Simulator ойынындағы аралас реалдықтың клипі

Аралас шындықтың практикалық қолданба нұсқалары көп, олардың арасында дизайн,[2] ойын-сауық, әскери жаттығулар және қашықтан істеу қатарлылар бар. Мұнда сондай-ақ пайдаланушы мен аралас реалдық қолданбалары арасында әсерлесуді ыңғайлы етуге қолданылатын түрлі дисплей технологиялары бар.

Анықтамасы

Медиалды шындық континуумы (көлденең өсі: виртуалды; тік өсі: медиалды). Көрсетілген төрт нүкте: Жетілдірілген шындық, Жетілдірілген виртуалдық, Медиалды шындық және Медиалды виртуалдық.[1]

Виртуалды / Медиалды континуум

Медиалдық - қабылданған реалдық түрі болып, ол адамдар тұтынған БАҚ арқылы әсер етеді. Әлеуметтік медианың желілік сайттары дамуына ілесіп, адамдар өздері құрастырған мазмұндарды, сондай-ақ жеке қызығулары бойынша таңдалған коммерциялық мазмұндарды басқаларға көрсету мен бөлісу арқылы өзіндік медиалдық қалыптастырады. Мысалы, егер бір адам тек жергілікті спорт пен жергілікті хабарлар медиясын ғана тұтынатын болса, ал келесі бір адам халықаралық хабарлар мен арнайы ойын-сауық жанырындағы медияларды тұтынатын болса, онда бұл екі түрдегі тұлғаның "медиалдығы" бір-біріне ұқсамайды деуге болады.

Ал, континуум - "біртұтас жалғасым", "үздіксіздік", "өту барысы" мағыналарын білдіреді.

Аралас шындықты алғаш рет 1994 жылы Пол Милграм және Фумио Кишино "...виртуалды континуумның (ВК, VC) экстремумдары арасындағы кез келген тұсы" ретінде анықтады, мұнда виртуалды континуум толық шындықтан Күшейтілген шындық пен жетілдірілген виртуалдылық арасындағы толық виртуалды ортаға дейін созылады. Медиалдылы континуумын жарнаманы тосу арқылы, немесе пайдалы ақпаратқа ие шынайы жарнаманы қосу арқылы дәнекер дулығасында, түрлі көзілдіріктерде іске асыруға болады.[3][4] Бұл түрдегі Медиалды шындық континуумы физикалық және виртуалды әлемдердегі нысандардың өзара қалай әсерлесетінін сипаттауға негіз болады.[5] Ол шындық пен вируталдықты мүлдем бөлек екі нысан ретінде танудың орнына, бұл екі тұжырымдама арасында континуум бар екендігі және екеуінің ортасындағы кез келген тұста аралас шындық қосымшасы болатынын білдіреді.[5] Аралас шындық терминін алғаш рет өз мақаласында қолданған Милграм мен Кишиноның айтуынша, мұндай термин "шын және виртуалды әлемдерді біріктіруді көздейтін ВР -ге байланысты технологиялардың арнайы субклассына (subclass)" сілтеме жасау үшін қажет.[1]

Терминологиялық айырмашылықтар

Шындық-вируталдық континуумы: бір басы шынайы орта, келесі басы виртуалды орта. Шынайы ортада жетілдірілген шындық мүмкін болса, виртуалды ортада жетілдірілген виртуалдық мүмкін болады. Осы екеуі жалпылама Аралас шындық делінеді.[1]

Тек екі ұшқары қолданбаны айтпағанда, аралас шындық шындық-виртуалдық континуумындағының бәріне қатысты.[1] Ол Виртуалды шындық (ВШ), Жетілдірілген шындық (ЖШ) және Жетілдірілген виртуалдық (ЖВ) қатарлыларды қамтиды. Спектрудің бір басында технология үстемеленбеген шынадық әлемі жатыр. Ал, спектрдің екінші басында виртуалды шындық жатыр, ол "компьютер жағынан ұсынылған, көріністер мен дыбыстар секілді сезімдік ынталандырулар арқылы сезілетін жасанды ортаға қатысты болады, онда мәлім адамның әрекеті өз ортасында мәлім деңгейде белілеу рөлін ойнайды.[6] Жетілдірілген шындық осы екі түйін (екі жақ) арасында жатыр және ол "шындықтың күшейтілген нұсқсы ретінде құрылғыдан көрінетін мәлім нәрсенің кескініне цифрлы ақпараттарды қабаттастыру техникасы арқылы жасалады".[7] Аралас шындықтың өзгеше тұсы сонда, ол әдетте шынайы әлемде пайдаланушымен әсерлесетін жасанды өнімдерді білдіреді.[8] Жетілдірілген виртуалдық (ЖВ) – аралас шындықтың субкатегориясы (субсанаты) болып, ол шынайы әлем объектілерін виртуалды әлемдерге біріктіруді білдіретін.[9]

Виртуалдылы континуумдағы аралық жағдай ретінде, ол негізінен виртуалды кеңістіктерге қатысты, онда физикалық элементтер (мысалы, физикалық нысандар, немесе адамдар) динамикалы түрде біріктірілген және нақты уақытта виртуалды әлеммен әсерлесе алады. Бұл біріктіруге түрлі әдістер қолдану арқылы қол жеткізіледі, мысалы, физикалық кеңістіктгі видео ағыны, веб-камера,[10] немесе физикалық нысандарды 3D цифрлау арқылы[[11]. Гироскоп секілді нақты әлемдегі сезімдік ақпараттарды пайдаланып виртуалды ортаны басқару жетілдірілген виртуалдықтың қосымша түрі есептеледі, онда сыртқы енулар виртуалды көріністі мәтіндермен қамдайды.

Тағы қараңыз

Жалғасты оқу

Дереккөздер