Ауыр атлетика

Ауыр атлетика[1]— әр түрлі салмақ дәрежелерінде ауыр зат (штанга, гір) көтеріп, күш сынасатын спорт түрі. Ауыр атлетикадан ең алғашқы жарыс 1860 жылы АҚШ-та өтті. Олимпиада ойындарының бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. Ауыр атлетикадан әлем (1898 жылдан), Еуропа (1896 жылдан) чемпионаттары өткізіледі. Ауыр атлетика бойынша халықаралық жарыстар штанга көтерудің екі тәсілі (жұлқа және сілке көтеру) бойынша, 52 кг-нан басталатын 10 салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өтеді. Жұлқа көтеру кезінде штанга кідіріссіз бірден жоғары көтеріледі. Сілке көтеруде штанга алдымен кеудеге алынып, содан кейін жоғары көтеріледі.

Ауыр атлетика

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (1920) Қазақстан 1993 жылдан мүше. Қазақстанда ауыр атлетика бойынша алғашқы чемпионат 1937 жылы өткізілді. Қазақстан спортшылары ірі жарыстарға 1954 жылдан қатысады. Теміртаулық Юрий Зайцев (1976, Монреаль), шахтинскілік Виктор Мазин (1980, Мәскеу), ақмолалық Анатолий Храпатый (1988, Сеул), қызылордалық Илья Ильин (2008, Бейжің) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары атанған.[2]

Салмақ категориялары

Ереже бойынша салмақ өлшеу рәсімі жарыс бір немесе екі сағат алдында өткізіледі. 2008 жылдың желтоқсан айына қара ауыр атлетикадан келесі салмақ категорияларда жарыстар өткізіледі:

Еркектер56 кг дейін62 кг дейін69 кг дейін77 кг дейін85 кг дейін94 кг дейін105 кг дейін105 кг жоғары
Әйелдер48 кг дейін53 кг дейін58 кг дейін63 кг дейін69 кг дейін75 кг дейін75 кг жоғары
Еркектер
Категория1905–19131913–19461947–19501951–19681969–19761977–19921993–1997с 1998
Аса жеңіл салмақ52 кг дейін52 кг дейін54 кг дейін
Жеңілірек салмақ56 кг дейін56 кг дейін56 кг дейін56 кг дейін59 кг дейін56 кг дейін
Жартылай жеңіл салмақ60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін60 кг дейін64 кг дейін62 кг дейін
Жеңіл салмақ70 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін67,5 кг дейін70 кг дейін69 кг дейін
Жартылай орта салмақ80 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін75 кг дейін76 кг дейін77 кг дейін
Орта салмақ82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін82,5 кг дейін83 кг дейін85 кг дейін
Жартылай ауыр салмақ90 кг дейін90 кг дейін90 кг дейін91 кг дейін94 кг дейін
Ауыр салмақ80 кг жоғары82,5 кг жоғары82,5 кг жоғары90 кг жоғары110 кг дейін100 кг дейін99 кг дейін105 кг дейін
Бірінші ауыр салмақ110 кг дейін108 кг дейін
Аса ауыр салмақ110 кг жоғары110 кг жоғары108 кг жоғары105 кг жоғары

Ішкі сілтемелер

Дереккөздер