Аңтәрізділер

Аңтәрізділер немесе Тероморфтар (лат. Theromorpha, көне грекше: θήρ, көне грекше: θηρίον - «жануар» және көне грекше: μορφή - «форма» — «аң тәрізді») — немесе Синапсидтер (лат. Synapsіda) — 320 млн жыл бұрын тіршілік еткен, қазбадан табылған жануарлардың таксономиялық тобы, ерте заманның аңтәрізді бауырымен жорғалаушылары. Бұларға пелткозаврлар, дромозаврлар, дейноцефальдар, аномодонттар және аң тістілер жатады.

Аңтәрізділер
Dimetrodon grandis-тің скелеті
Dimetrodon grandis-тің скелеті
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Табы:† Синапсидтер
Екі-есімді атауы
Synapsida

Синапсидтер тас көмір дәуірінің аяқ кезінде котилозаврлардан пайда болып, триас дәуірінде өліп біткен. Бұл жануарлардың арасында тышқандай ұсақ, керіатей ірі түрлері болған. Синапсидтердің көбісі жыртқыштар, бірақ өсімдік және бұнақденелермен көректілері де болған. Эволюциялық даму нәтижесінде оларда сүт көректілерге тән екі желке төмпешігі т.б. белгілер болған.

Аңтәрізділердің сүйектері алғаш рет Батыс Оралда пермь кезеңінің мыс құмдарының арасынан табылған. Олардың сүйек қалдықтары Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Африка құрлықтарының тас көмір дәуірінен бастап, юраның ортасына дейінгі геологикалық тұнба қабаттарында кездескен. Аңтәрізділер бұл дәуірде котилозавралардан бастап, жоғары сатыдағы териодонттарға дейін дамыған. Көпшілігі жыртқыш (горгонопсий тұқымдастары) болған. Пеликозаврлар сияқты түрлері өсімдіктермен, ал кейбір түрлері ұлулармен, жәндіктермен қоректенген. Бұл жануарлардың арасында қазіргі кемірушілердей ұсақ, мүйізтұмсықтардай ірі түрлері де болған. Негізінен құрлықта, кейбір түрі (офиаконодонттар, дейноцефалдар, листрозаврлар) тұщы көлдердің бойында, батпақты жерлерде тіршілік еткен. Дицинодонт сияқты түрлерінің саусақтары жер қазуға бейім келген. Аңтәрізділердің 60-қа жуық тұқымдасы, мыңнан аса түрлері болған. Бұлардың синопсидтер деп аталатын түрі сүтқоректілердің арғы тегі болып саналады.[1]

Классификациясы

Топтың құрамына екі жасақ кіреді:

  • Pelycosauria (пеликозаврлер)
  • Therapsida (терапсидтер)

Терапсидтер -

  • Biarmosuchia (биармозухиялар),
  • Dinocephalia (дейноцефалдар),
  • Anomodontia (аномодонттар)
  • Theriodontia (териодонттар)[2][3][4].

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер