Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы


Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрама командасы1993 жылдан бері осы аттас мемлекеттің атынан Халықаралық футбол жарыстарында сынға түсіп жүрген ұлттық құрама. Басқарушы ұйым — Босния және Герцеговина футбол одағы.

Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Plavo Žuti (босн. көк-сарылар), Žuto Plavi (босн. сары-көктер), Zmajevi (босн. айдаһарлар)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Босния және Герцеговина Футбол Одағы

Бас бапкері

Хорватия Роберт Просинечки

Капитаны

Эмир Спахич

Ең көп
ойын саны

Эмир Спахич (89)

Үздік
бомбардир

Эдин Джеко (46)

Үй стадионы

Билино Поле и Асим Ферхатович

ФИФА рейтингі

41 (-3) (15 ақпан 2018)[1]

ФИФА коды

BIH

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Бейресми
 Иран 1:3 Босния ж/е Герцеговина Босния және Герцеговина
(Тегеран, Иран; 6 маусым 1993)
Ресми
 Албания 2:0 Босния ж/е Герцеговина Босния және Герцеговина
(Тирана, Албания; 30 қараша 1995)

 Босния және Герцеговина 7:0 Эстония Эстония
(Зеница, Босния және Герцеговина; 10 қыркүйек 2008)
 Лихтенштейн 1:8 Босния ж/е Герцеговина Босния және Герцеговина
(Вадуц, Лихтенштейн; 7 қыркүйек 2012)

 Аргентина 5:0 Босния ж/е Герцеговина Босния және Герцеговина
(Кордова, Аргентина; 14 мамыр 1998)

Тарихы

1990 жылдарға дейін мықты футболшылары Югославия сапында ойнаған. Әр жылдары Вахид Халилходжич, Сафет Сушич, Иосип Каталинский, Фарук Хаджибегич, Ивица Осим, Асим Ферхатович, Блаж Слишкович, Мехмед Баждаревич, Душан Баевич секілді футболшылары жарқырап өнер көрсетіп жатты. 1990 жылдары Югославия тараған соң орнында бірнеше мемлекет пайда болды да, солардың бірі Босния және Герцеговина тәуелсіздік алды. Бірақ соғыстан көз ашпағандықтан, 1993 жылға дейін құрама мүлдем ойын өткізген жоқ. Алғашқы кездесуін 1993 жылы Иранға қарсы өткізіп, 3:1 есебімен ұтты. Бір қызығы, 2014 жылы осы екі құрама Бразилияда өткен әлем чемпионатында бір топқа түсіп, Босния және герцеговиналықтар тағы да Иранды дәл сол есеппен ұтты.

Құраманың алғаш қатысқан ірі халықаралық жарысы — 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионаты. Аргентина, Нигерия, Иран құрамаларымне бір топқа түсті. Әуелі Аргентинамен ойнап, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірінші таймда қорғаушы Колашинац өз қақпасына соғып алды да, екінші таймда Лионель Месси есепті еселеді. Ойын соңына таман Ведад Ибишевич есепті қысқартты — 1:2. Келесі турда күтпеген жерде Нигериядан ұтылды — 0:1. Осылайша үшінші турға жетпей-ақ 1/8 финалдан үмітін үзді. Тек соңғы турда ғана чемпионаттағы жалғыз жеңісін тойлады, Иранды 3:1 есебімен ұтты.

Көп ойын өткізгендер

#ФутболшыҚұрамадағы уақытыОйынГол
1Эмир Спахич2003–883
2Звездан Мисимович2004–20148425
3Эдин Джеко2007–7946
4Ведад Ибишевич2007–7325
5Миралем Пьянич2008–6711
6Элвир Болич1996–20085122
7Асмир Бегович2009–490
8Сенад Лулич2008–482
9Харис Медунянин2009–487
10Сергей Барбарез1998–20064817

Мергендер

#ФутболшыҚұрамадағы уақытыГолОйын
1Эдин Джеко2007–4678
2Звездан Мисимович2004–20142584
3Ведад Ибишевич2007–2573
4Элвир Болич1996–20062251
5Сергей Барбарез1998–20061748
6Элвир Балич1996–20051438
7Златан Муслимович2006–20111230
8Миралем Пьянич2008–1167
9Харис Медунянин2009–748
10Хасан Салихамиджич1996–2006644

Бапкерлері

Босния және Герцеговина футбол одағы (1993—1995)
Фуад Музурович (1995—1998)
Джемалудин Мушович (1998—1999)
Фарук Хаджибегич (1999)
Мишо Смайлович (1999—2002)
Блаж Слишкович (2002—2006)
Фуад Музурович (2006—2008)
Мехо Кодро (2008)
Мирослав Блажевич (2008—2009)
Сафет Сушич (2010—2014)
Мехмет Баждаревич (2014—2017)

Дереккөздер