Везувий

Үлгі:Infobox mountain

Везувий - Неапольден оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Кампанияда, Неаполь шығанағынан 1277 м биіктікке дейін көтерілетін Везувий тауы орналасқан. Ол — құрлықтық Еуропадағы әрекеттегі жалғыз жанартау: кратерінің шеңбері 1400 м және тереңдігі 216 м.

Везувий әуеден суреті

Монте- Солма деп аталған бұрынғы жанартаудың қалдықтары қазіргі кездегі неғұрлым жас конустың айналасында жартылай шеңбер тәрізді тау қырқасын құраған. Везувийдің неғұрлым әйгілі атқылауы (ол жөнінде алғашқы деректі Үлкен Плиний жазып қалдырған) 79 жылы болып, жанартаутекті жыныстардың сынықтары Помпей, Стабчя мен Геркуланум қалаларын тұтастай басып қалды.

Везувий соңғы рет 1944 жылы атқылады. [1]

Дереккөздер