Вим Йонк

Вилхелмюс Мария (Вим) Йонк (нидер. Wilhelmus Maria "Wim" Jonk; 12 қазан 1966 жыл, Волендам) — нидерланд футболшысы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.

Вим Йонк Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Вилхелмюс Мария Йонк (нидер. Wilhelmus Maria Jonk)

Туған күні

12 қазан 1966 (1966-10-12) (57 жас)

Туған жері

Волендам, Нидерланд

Азаматтығы

Нидерланд Нидерланд

Бойы

186

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
Нидерланд РКАВ Волендам
Нидерланд Волендам
Клуб карьерасы[* 1]
1986—1988Нидерланд Волендам59 (28)
1988—1993Нидерланд Аякс96 (18)
1993—1995Италия Интер54 (8)
1995—1998Нидерланд ПСВ89 (16)
1998—2001Англия Шеффилд Уэнсдей70 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
1992—1999 Нидерланд49 (11)

Карьерасы

Клубтық

"Волендам" клубының түлегі. 1986 жылы кәсіпқой карьерасын бастап, екі маусым ойнады.

1988 жылы "Аякске" ауысты. "Аякс" сапында да, бұдан кейінгі "Интернационале" сапында да УЕФА кубогына қол жеткізді. 1995 жылы ПСВ Эйндховен футболшысы атанды.

Карьерасының соңғы жылдарында "Шеффильд Уэсндей" клубында ойнап, 2001 жылы футболмен қоштасты.

Ұлттық құрамада

Нидерланд құрамасы сапында 1992 жылы 27 мамыр күні Аустриямен ойында алаңға шықты. 75-минутта алаңға шықты, бұл кездесуде Нидерланд 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші рет 30 мамыр күні Уэльспен ойында құрама сапындағы тұңғыш голын соқты. Бұл ойында "қызғалдақтар елі" 4:0 есебімен жеңіске жетті.

1992 жылғы Еуропа біріншілігінде Йонк қола жүлдегер атанды. Бұдан соң ӘЧ-1994, ӘЧ-1998 турнирлеріне қатысты. Құрамада барлығы 49 ойында алаңға шығып, 11 гол енгізді. Соның екеуін 1994 жылғы әлем біріншілігінде соқты, Топтық турнирде Сауд Арабиясы қақпасына (2:1) жеңіс голын енгізсе, 1/8 финалдағы Ирландиямен ойында есепті еселеді (2:0).

Жетістіктері

  • Нидерланд чемпионы: 1989, 1996
  • Нидерланд кубогы: 1992, 1995
  • Нидерланд суперкубогы: 1996, 1997
  • УЕФА кубогы: 1992, 1994

Сілтемелер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм