Аустрия Ұлттық футбол құрамасы


Футболдан Аустрия Ұлттық құрамасы - Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Аустрия құрамасы. Аустрия Футбол Одағы бақылауында. 1905 жылдан бері ФИФА және 1954 жылдан бері УЕФА мүшесі. Өз алаңындағы ойындарын "Эрнст Хаппел" стадионында өткізеді.

Аустрия Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Das Team (Команда)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Аустрия футбол одағы

Бас бапкері

Германия Франко Фода

Капитаны

Юлиан Баумгартлингер

Ең көп
ойын саны

Андреас Херцог (103)

Үздік
бомбардир

Тони Польстер (44)

Үй стадионы

Эрнст-Хаппель-Штадион

ФИФА рейтингі

24 (+2) 20 қыркүйек 2018

ФИФА коды

AUT

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Аустрия Аустрия 5:0 Венгрия Мажарстан
(Вена, Аустрия, 12 қазан, 1902)

Аустрия Аустрия 9:0 Мальта Мальта
(Зальцбург, Аустрия, 30 қантар, 1995)

Аустрия Аустрия 1:11 Англия Англия
(Вена, Аустрия, 8 маусым, 1908)

Тарихы

Құрама алғашқы ойынын 1902 жылы өткізді. Ол кезде құрама сапында Цислейтан (аустр-венгрлердің бейресми аты) футболшылары көбірек ойнағандықтан, осылай аталды.

1938 жылы Аустрияны Германия жаулап алды да, аустриялық футболшыларды Германия сапына қосып алды. 1938 жылғы әлем чемпионатына жолдама алып қойған аустриялықтардың орны білініп, турнирге 16 емес, 15 құрама ғана қатысты. Бірақ Германия құрамасы күшейіп жарытпады, 1938 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кезеңінде-ақ жарыстан шығып қалды, оған себеп: құрама бапкері Зепп Гербергер аустриялық және германиялық футболшыларды бір-бірімен тіл табыстыра алмады, оның үстіне фашизмге іштей наразы, олардың ырқына көніп, намысын жыртқысы келмеген аустриялықтар турнирде барын салып ойнаған жоқ.

30-жылдардың соңында Аустрияда футбол түпкілікті тоқырады, фашизм саясатынан қашқан футболшылар шетелге кетіп, бас сауғалады, елдегі футбол ұйымы мен клубтары тарап кетті. Бұдан соң екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана елде футбол жандана бастады.

1954 жылы Аустрия құрамасы әлем біріншілігінің жартылай финалына дейін жетті. Ширек финалда турнир қожалары Швейцарияны 7:5 есебімен ұтты. Бұл ӘЧ тарихындағы ең гол көп соғылған матч болатын.

70 жылдары да құрама кұшейді. 1978, 1982 жылдары әлем чемпионатының екінші кезеңіне жолдама алды. Бірақ Вальтер Шахнер, Бруно Пеццай, Ханс Кранкль секілді футболшылар құрамадан кеткен соң команда қайта нашарлап кетті. 1990, 1998 жылдары әлем чемпионатына қатысқанымен, топтан шыға алмады.

Кейін Аустрия тағы да ірі жарыстарда көрінбей кетіп, 2008 жылы өз елінде өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Бірақ жалғыз ұпаймен топтан шыққан жоқ. 2016 жылы Еуропа чемпионатына екінші рет қатысты, бірақ нәтиже баяғыша: топтан шыға алмады.

Әлем чемпионаттарында

Финалдық турнирлерІріктеу турнирлері
ЖНәтижеОрынОҰТЖСДЖДОрынОҰТЖСДЖД
1930ҚатыспадыҚатыспады
19344-орын4/164202772/3110061
1938Жолдама алды, Бірақ Германия жаулап алды да, қатыса алмады1/2110021
1950Жарыстан шығарылдыЖарыстан шығарылды
19543-орын3/16540117121/2211091
1958Топтық турнир15/163012271/34310143
1962Жарыстан шығарылдыЖарыстан шығарылды
1966Іріктеуден өте алмады3/3401316
19703/46303127
19742/4*6240127
19782-ші топтық турнир7/1663037101/46420142
19828/165212542/58512166
1986Іріктеуден өте алмады3/4631298
1990Топтық турнир18/243102232/5833299
1994Іріктеуден өте алмады4/6103251516
1998Топтық турнир23/243021341/610811174
 2002Іріктеуден өте алмады2/5***104331014
20063/6104331512
20103/6104241415
20143/6105232010
20184/6104331412
2022
 2026
БарыҚатысты: 7/2129124134347Бары123592836212136

Еуропа чемпионаттарында

Финалдық турнирлерІріктеу турнирлері
ЖНәтижеОрынОҰТЖСДЖДОрынОҰТЖСДЖД
1960Ірітеуден өте алмады1/4 финал42021011
19641/8 финал201123
19683/46222108
19722/66312146
19763/46312117
19802/58431147
19843/584131510
19883/4621369
19924/58116614
19964/6105142914
 20003/584131920
20043/583051214
 2008Топтық турнир13/24301213Ұйымдастырушы ретінде қатысты
 2012Іріктеуден өте алмады4/6103341617
2016Топтық турнир19/243012141/610910228
2020Іріктеу турнирі
БарыҚатысты: 2/15602427Бары99451638184147

ЕУРО-2016 турниріндегі құрамы

ФутболшыТуған күніКлубОйынГол
Қақпашылар
1Роберт Альмер20.03.84Аустрия Вена3-
12Хайнц Линднер17.07.90Айнтрахт (Ф, Германия)--
23Рамазан Эзкан28.06.84Ингольштадт (Германия)--
ҚОРҒАУШЫЛАР
3Александар Драгович06.03.91Динамо (К, Украина)2-
4Мартин Хинтереггер07.09.92Боруссия (М, Германия)3-
5Кристиан Фухс07.04.86Лестер (Англия)3-
13Маркус Зуттнер16.04.87Ингольштадт (Германия)--
15Себастьян Предль21.06.87Уотфорд (Англия)2-
16Кевин Виммер15.11.92Тоттенхэм (Англия)1-
17Флориан Кляйн17.11.86Штутгарт (Германия)3-
ЖАРТЫЛАЙ ҚОРҒАУШЫЛАР
2Дьердь Гарич08.03.84Дармштадт (Германия)--
6Штефан Ильсанкер18.05.89Лейпциг (Германия)2-
8Давид Алаба24.06.92Бавария (Германия)3-
10Златко Юнузович26.09.87Вердер (Германия)1-
11Мартин Харник10.06.87Штутгарт (Германия)2-
14Юлиан Баумгартлингер02.01.88Майнц (Германия)3-
18Алессандро Шопф07.02.94Шальке (Германия)31
20Марсель Забитцер17.03.94Лейпциг (Германия)3-
22Якоб Янчер08.01.89Люцерн (Швейцария)1-
ШАБУЫЛШЫЛАР
7Марко Арнаутович19.04.89Сток Сити (Англия)3-
9Рубен Окоти06.06.87Мюнхен-1860 (Германия)1-
19Лукас Хинтерзеер28.03.91Ингольштадт (Германия)1-
21Марк Янко25.06.83Базель (Швейцария)2-

Ардагерлері

ОйыншыМатчЖЖ
1Андреас Херцог1031988—2003
2Тони Польстер951982—2000
3Герхард Ханаппи931948—1962
4Карл Коллер861952—1965
5Фридрих Концилия841970—1985
Бруно Пеццей841975—1990
7Херберт Прохазка831974—1989
8Кристиан Фукс782006—2016
9Марко Арнаутович742008—
10Себастиан Прёдль712007—

Мергендері

ОйыншыГолЖЖ
1Тони Польстер441982—2000
2Ханс Кранкль341973—1985
3Ханс Хорват291924—1934
4Эрик Хоф281957—1969
Марк Янко282006—
6Антон Шалль271927—1934
7Маттиас Синделар261926—1937
Андреас Херцог261988—2003
9Карл Цишек241931—1945
10Вальтер Шахнер231976—1994

Сiлтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Austria national football team