Уэльс Ұлттық футбол құрамасы

Уэльс Ұлттық футбол құрама командасы — халықаралық футбол жарыстарында Уэльстің атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган - Уэльс Футбол Қауымдастығы. Саяси тұрғыда Ұлыбританияның құрамында болғанымен, халықаралық турнирлерде жеке сынға түсе береді. 1958 жылғы әлем чемпионатына, 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан. 2016 жылғы Еуропаның қола жүлдегері.

Уэльс Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Аждаһалар (ағылш. The Dragons

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Уэльс Футбол Қауымдастығы

Бас бапкері

Райан Гиггз

Капитаны

Эшли Уильямс

Ең көп
ойын саны

Невилл Саутолл (92)

Үздік
бомбардир

Гарет Бейл (29)

Үй стадионы

Миллениум

ФИФА рейтингі

20 (-1) (18 қаңтар 2018)

ФИФА коды

WAL

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

 Шотландия 4:0 Уэльс Уэльс
(Глазго, Шотландия; 26 наурыз 1876)

Үлгі:Байрақ/Wales 11:0 Ирландия Ирландия
(Рексем, Уэльс; 3 наурыз 1888)

 Шотландия 9:0 Уэльс Уэльс
(Глазго, Шотландия; 23 наурыз1878)

Уэльсте футбол 19 ғасырдан бері бар. Ұлттық құрама да сол кезде қалыптасты: оған алғашқы ойынын 1876 жылы өткізгені дәлел.

1958 жылғы әлем біріншілігінде құрама Мексика, Мажарстан, Швеция құрамаларымен бір топқа түсіп, келесі сатыға жолдама алды. 1/4 финалда Бразилиямен кездесіп, Пеленің соққан жалғыз голы матч тағдырын шешті. Айта кетейік, бұл футбол королінің әлем чемпионаттарындағы тұңғыш голы еді.

Бұл чемпионат Уэльстің бүгінге дейінгі жалғыз әлем чемпионаты еді.

Еуропа чемпионатының дебютін де жанкүйерлері ұзақ күтті. Тек 2016 жылы ғана Францияда өткен әлем чемпионатына барудың сәті түсті. Словакия, Ресей, Англия клубтарымен бір топқа түсіп, келесі сатыға қиналмай өтті. 1/8 финалда көршілері Солтүстік Ирландияны, 1/8 финалда турнир фавориттерінің бірі Бельгияны қапы қалдырды. Бірақ жартылай финалда болашақ чемпион - Португалиядан тізе бүкті - 0:2.

Құрама 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.

Құрама жайлы деректер

Құрама рекордшылары

15 қаңтар, 2018 жылғы

Ардагерлер

#ФутболшыЖЖМатчГол
1Невилл Саутолл1982—1997920
2Гэри Спид1990—2004857
Крис Гантер2007—850
4Крейг Беллами1998—20137819
5Джо Ледли2005—764
Эшли Уильямс2008—762
7Дин Сондерс1986—20017522
8Питер Николас1979—1992732
Иан Раш1980—19967328
Уэйн Хеннесси2008—730
8Марк Хьюз1984—19997216
Джои Джонс1976—1986721

Мергендер

#ФутболшыЖЖГолМатч%
1Гарет Бейл2006—29690,42
2Иан Раш1980—199628730,38
3Тревор Форд1947—195723380,61
Айвор Оллчерч1951—196623680,34
5Дин Сондерс1986—200122750,29
6Крейг Беллами1998—201319780,24
7Роберт Эрншоу2002—201116580,28
Клифф Джонс1954—197016590,27
Марк Хьюз1984—199916720,22
10Джон Чарльз1950—196515380,39