Гандалар

Гандалар (баганда) — банту тобының халқы, Угандадағы саны жағынан ең көп халық. Олар негізінен Виктория көлінің солтүстігінде тұрады. Саны 3,7 млн. адам (2006, бағалау). Сондай-ақ Кенияда (31 мың адам) және Танзанияда (9,7 мың адам) тұрады.[1]

баганда
Гандалар
Ең көп таралған аймақтар
 Уганда

3,7 млн.

 Кения

31 000

 Танзания

9 700

Тілдері

ганда тілі

Діні

христиандық, суннизм, дәстүрлі нанымдар

Тілі

Тілі - ганда тілі. Жазуы латын әліпбиіне негізделген.[2]

Діні

Сенушілер негізінен христиандар, сүнниттік мұсылмандары бар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды сақтайды.[3]

Тарихы

Гандалар XIII-XIV ғасырларда құрамына банту (баиру, басого, басесе, будду, т.б.) және нилот (алур, ашали, эльгуми) тайпалары енетін Баганда мемлекеті болды. Оған Виктория көлі мен Рудольф көлі аралығы, батысында Кинни, шығысында Унсораға дейінгі жерлер қарады. Виктория көлінде үлкен флот ұстады.1945 жылы Кампала қаласында ағылшын отаршыларына қарсы ереуіл болды. 1949 жылғы бас көтеру кезінде отаршылар халықты қанға бөктірді. Тек 1960 жылдан кейін ғана Африканың өзге халықтары қатарында тәуелсіздікке қолы жетті; қаласының Уганда.[4]

Кәсібі

Дәстүрлі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жүгері, бұршақ дақылдары). Әрбір үй шаруашылығында банандар өсіріледі. Тауарлы дақылдар мақта, темекі, кофе және т.б. Қой мен ешкі өсіру қосалқы сипатқа ие. Мал шаруашылығының дамуына цеце шыбынының таралуы кедергі келтіреді.Қолөнерден - керамикалық және ағаштан ыдыс жасау, тоқымашылық, ұсталық және былғары бұйымдарын жасау, мата жасау, тоқу кездеседі.[5]

Өмір салты

Туыстық қатынас әке жағынан саналады. Ганда қоғамы рулық жүйе бойынша бөлінеді, рулар топтарға бөлінеді. Бір ру ішінде некеге тұруға тыйым салынады. Ру басшылары жеке ру басшыларынан тұратын кеңесті шақыра алады.

Фольклор, оның ішінде музыка дамыған.

Тұрғын үйлері - тіректер мен шыбықтардан жасалған, төбесі қатты ағаштан жасалған цилиндр тәрізді қаңқалы үйлер.

Дәстүрлі киімі - мбугу, былғары немесе өсімдік талшықтарынан жасалған белдемшелер, ақсүйектер - мбугу шапан киеді.

Негізгі тағамдары - жарма немесе көкөніс соустары қосылған ұн ботқасы, кейде ет.[5]

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм