Глазго университеті

4°14′21″ б. б. / 55.872361° с. е. 4.239389° б. б. / 55.872361; -4.239389 (G) (O) (Я)

Глазго университеті (лат. Universitas Glasguensis) - Шотландияның Глазго қаласында орналасқан ескі оқу орындарының бірі.

Глазго университеті
Ұраны:
Via, Veritas, Vita
Университет атауы
Шынайы атыUniversity of Glasgow
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы1451
Түрімемлекеттік
Орналасуы
Орналасқан жеріГлазго, Шотландия
Әкімшілік
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер23357
Сайтыhttp://www.gla.ac.uk/

Тарихы

Глазго университеті 1451 жылы құрылған. Ұлыбританиядағы ең ескі университеттер ішінде төртінші орында. Университет студенттері физик лорд Кельвиннің, экономист Адам Смиттің, теледидар пионері Джон Брайдтың және тағы басқа көптеген ғылым қайраткерлерінің ізбасарлары болып саналады. Аталған оқу орнының алты түлегі Нобель сыйлығы лауреаты, біреуі премьер-министр болды. Сонымен қатар, University of Glasgow медицина мектебіне әйелдерді қабылдай бастаған елдегі тұңғыш оқу орны.[1].

Университеттің негізгі мекемелері

  • Глазго қаласындағы жүрек-тамыр жүйесінің ғылыми-зерттеу институты; Wolfson медицина мектебі және ғылыми-зерттеу институты; американдық мал дәрігері қауымдастығымен мойындалған мал дәрігері факультеті; Шотландия әдебиеті;
  • Ұлыбританиядағы ең ескі инженерлік факультетте Шотландиядағы аэроғарыштық техника кафедрасы бар.
  • Бизнес мектебі – әлемдегі ең элиталы бизнес мектептерінің бірі саналады.

Академиялық мамандықтар

Экономика, ағылшын тілі мен әдебиеті, биологиялық ғылымдар, өнер және дизайн және т.б.

Статистика

  • Шетел студенттері: 13%
  • Ер/әйел студенттер: 42% / 58%
  • Магистратура және аспирантура программаларындағы студенттер: 25%
  • Бірінші курсты қайта оқуға қалған студенттер: 7% [2].

Қызықты деректер

  • Job Shop студенттер қауымдастығы студенттерге уақытша жұмыс тауып беруге көмектеседі. Сондай-ақ, университет студенттерді жұмыс берушілермен байланыстырады.
  • Университет кампустарының әрқайсысында өзіндік ерекшелік бар. Бірі студенттік өмір атмосферасын ұсынса, екіншісі үлкен қала атмосферасын ұсынады. Мысалы, қаладан 6,5 шақырым км қашықтықта орналасқан Garscube кампусы және Глазгоның көп ұлтты ауданы West End-те орналасқан Gilmorehill кампусы. Университеттің үшінші кампусы Глазгоның оңтүстігінде қаладан 145 шақырым жерде. Қалалық кампустың екеуінен де қала орталығына метро немесе автобус арқылы оңай жетуге болады.

Атақты бітірушілер мен оқытушылар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер