Давор Шукер

Давор Шукер (xорв. Davor Šuker; 1 қаңтар 1968, Осиек) — югославиялық және хорватиялық футболшы. 1998 жылғы әлем чемпионатының сұрмергені (6 гол) және қола жүлдегері. Хорватия Ұлттық футбол құрамасы тарихындағы үздік мерген. 2012 жылдан бері Хорватия Футбол Одағының президенті.

Давор Шукер Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Шукермен

Туған күні

1 қаңтар 1968 (1968-01-01) (56 жас)

Туған жері

Осиек, Югославия

Азаматтығы

Хорватия Хорватия

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Жастар клубы
1984Югославия Осиек
Клуб карьерасы[* 1]
1984—1989Югославия Осиек91 (40)
1989—1991Югославия Динамо (Загреб)60 (34)
1991—1996Испания Севилья153 (76)
1996—1999Испания Реал Мадрид86 (38)
1999—2000Англия Арсенал39 (11)
2000—2001Англия Вест Хэм Юнайтед11 (2)
2001—2003Германия Мюнхен 186025 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
1987Югославия Югославия (20)6 (6)
1988Югославия Югославия (олимп.)2 (0)
1990—1991 Югославия2 (1)
1990—2002 Хорватия69 (45)

Карьерасы

Футболды өзінің туған қаласы Осиектегі "Осиек" клубында бастады. Бес жылдай ойнап, 1989 жылы Загребтің "Динамосына" ауысты. Екі маусымда 34 гол соғып көзге түсті де, Югославия құрамасына шақыртылды. 1991 жылы Испанияның "Севильясына" өтті[1].

Югославия құрамасы сапында екі ойын өткізген. Көп ұзамай Югославия тарап кетті де, Шукер Хорватия құрамасы сапында ойнай бастады. Алғаш қатысқан ірі турнирі — 1996 жылғы Еуропа чемпионаты. Ол турнирде Хорватия ширек финалға дейін жетті. Шукер екінші турда Данияның қақпасына екі доп соқты. Ширек финалда Германияның қақпасына да бір гол соқты, бірақ Хорватия 1:2 есебімен ұтылып, жарыстан шығып қалды. 1998 жылғы әлем чемпионатына Хорватия дебьютант ретінде қатысса да, қола жүлдегер атанды. Шукер Хорватияның жеті ойынына да қатысып, алтауында гол соқты. Нәтижесінде чемпионаттың сұрмергені атанды.


Бірақ Хорватия 2000 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. Шукер 2002 жылғы әлем чемпионатына да барды, бірақ бір ойында да алаңға шықпай, қосалқы құрамда қалды.

Клубтық карьерасында кейін "Реал Мадрид", "Арсенал" секілді топ-клубтарда доп тепті. Соңғы ойнаған клубы — "Мюнхен-1860" Бұл командада онша жарқырай алған жоқ. Екі маусымда не бары 5 гол ғана соқты.

Жетістіктері

  • Испания чемпионы 1996/97
  • Испания суперкубогы 1997
  • Чемпиондар Лигасы 1997/98
  • Континентаралық кубок 1998
  • Жастар арасындағы әлем чемпионы: 1987
  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1998
  • Хорватияның үздік футболшысы: 1992, 1994, 1995, 1996, 1997, 1998
  • ФИФА 100 тізіміне енген

Дереккөздер

Сілтемелер