Джанлука Пальюка

Джанлука Пальюка (итал. Gianluca Pagliuca; 18 желтоқсан 1966 жыл[2], Болонья, Италия) — италиялық футболшы, қақпашы.

Джанлука Пальюка Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

18 желтоқсан 1966 (1966-12-18) (57 жас)

Азаматтығы

 Италия

Бойы

190

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Италия Болонья

Қызметі

жастар командасының бапкері

Жастар клубы
1984—1986Италия Болонья
1986—1987Италия Сампдория
Клуб карьерасы[* 1]
1987—1994Италия Сампдория198 (−211)
1994—1999Италия Интер165 (−166)
1999—2006Италия Болонья248 (−310)
2006—2007Италия Асколи23 (−38)
1987—2007Барлығы592 (-654)
Ұлттық құрамы[* 2]
1996Италия Италия (олимп.)3 (−5)
1990—1998 Италия39 (−27)
Бапкерлік карьерасы
2017—Италия Болоньяж.ж[1]

Карьерасы

Клубтық

"Болонья" клубының түлегі. 1986 жылы "Сапмдорияға" ауысты. "Сампдория" сапында көптеген жүлделерге қол жеткізді, УЕФА кубок иелері кубогы, Италия чемпиондығы, Италия кубогы, Италия суперкубогы секілді титулдар иесі атанды.

1994-99 жылдары "Интернационале" қақпасын қорғап, 1999 жылы туған клубы "Болоньяға" қайта оралды.

2006/07 жылғы маусымды "Асколи" сапында өткізді.

2008 жылы "Ювентус" жетекшілері жарақат алған Джанлуиджи Буффонның орнына қосалқы қақпашы ретінде Палюканы шақыруды жоспарлады, бірақ ол трансфер іске аспады.

2017 жылдан бері "Болоньяның" жастар клубын жаттықтырады.

Ұлттық құрама

1990 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады.

1991 жылы 16 маусымда КСРО-ға қарсы ЕУРО-1992 іріктеу ойынында тұңғыш рет Италия құрамасы сапында алаңға шықты. 1994 жылғы әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды. Осы турнирдің топтық кезеңіндегі Норвегияға қарсы ойында алаңнан қуылып, ӘЧ тарихында алаңнан қуылған тұңғыш қақпашы ретінде жылнамаға тіркелді.

1998 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бес кездесуде алаңға шықты. Ширек финалда Италия пенальтилер сериясы арқылы Франциядан жеңілді де, жарыстан шығып қалды, осы ойын Пальюканың құрама сапында соңғы матчы еді.

Жетістіктері

  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1994
  • Кубок иелері кубогы: 1990
  • УЕФА кубогы: 1998
  • УЕФА Чемпиондар кубогының финалисі: 1992
  • Италия чемпионы: 1991
  • Италия кубогы: 1988, 1989, 1994
  • Италия суперкубогы: 1991

Дереккөздер

Сілтемелер