Италия Ұлттық футбол құрамасы

Италия Ұлттық футбол құрама командасы (итал. Nazionale di calcio dell'Italia) Италияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынады. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы Итальян футбол федерациясының қол астында бақылауда болады. Федерация 1905 жылдан бастап ФИФА мүшесі болса, 1954 жылдан бастап УЕФА мүшесі болып табылады.

Италия Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Squadra Azzurra (Көгілдір көкжалдар)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Итальян футбол федерациясы

Бас бапкері

Италия Роберто Манчини

Капитаны

Джорджо Кьеллини

Ең көп
ойын саны

Джанлуиджи Буффон (176)

Үздік
бомбардир

Джиджи Рива (35)

ФИФА рейтингі

16 (12. 04. 2018)

ФИФА коды

ITA

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

Италия Италия 6 — 2 Франция Франция
(Милан, Италия; 15 мамыр 1910 жыл)

Италия Италия 9 - 0 Америка Құрама Штаттары АҚШ
(Брэнтфорд, Англия; 2 тамыз 1948 жыл)

Мажарстан Мажарстан 7 - 1 Италия Италия
(Будапешт, Мажарстан; 6 сәуір 1924 жыл)

Қатысу

17 (бірінші 1934)

Жетістіктері

Чемпиондар, 1934, 1938, 1982, 2006

Еуропа чемпионаты
Қатысу

9 (бірінші 1968)

Жетістіктері

Чемпиондар, 1968, 2020

Тарихы

1982 жылғы әлем чемпионатында

Ұлттық құраманың алғашқы матчы 1910 жылы 15 мамырда Милан қаласында Францияға қарсы өткізілді. Ойын 6:2 есебімен италиялықтардың пайдасына шешілді. 1928 жылы тұңғыш рет Жазғы Олимпиада (Ойындар Амстердамда өтті) чемпионы атанды. Бұл табысын сегіз жылдан соң Берлинде тағы қайталады.

Құрама 1930 жылғы тұңғыш әлемдік мундиальға жолды алыссынып қатыспады. Ал, 1934 жылы белгілі диктатор Бенито Муссолинидің араласуымен Әлем Чемпионаты Италияда өтті. Бір қызығы, турнир қожайыны болса да, іріктеу ойындарына қатысып, Грекияны 4:0 есебімен ұтты да, финалдық турнирге жолдама алды. Әйгілі аңыз-бапкер Витторио Поццо баптаған құрама финалда Чехословакия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Арада төрт жыл өткен соң тағы сол Витторио Поццо жаттықтырған құрама екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұл жолғы турнир Францияда өтті. Бұл жолғы жүлде оңайға түспеді: ә дегеннен оларға Норвегия футболшылары қатты қарсылық көрсетіп, қосымша уақытта әзер ұтты, келесі қарсылас — алаң иелері Франция болатын. Оларды да 3:1 есебімен ұтып, жартылай финалда турнирдің жалғыз "еуропалық емес" қатысушысы Бразилиямен кездесті. 2:1 есебімен жеңіске жеткен италиялықтар финалда Венгрия құрамасын ұтты — 4:2. Осылайша тарихта қатарынан екі рет әлемдік додада топ жарған тұңғыш құрама атанды. Кейін бұл жетістікті 1958-62 жылдары Бразилия қайталады.

Бұдан кейінгі әлемдік турнир 1950 жылы өтті. Бірақ бұл жолы да, бұдан кейінгі чемпионаттарда да Италия құрамасы жарқырай алмады. Тек жетпісінші жылдары ғана әлемдік элитаға қайта көтеріле алды. 1968 жылғы Еуропа чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді. Арада екі жыл өткен соң Мексикадағы Әлем чемпионатында финалға шығып, Бразилиядан 1:4 есебімен ойсырай ұтылды.

1974 жылғы турнирде топтық турнирден шыға алмады. 1978 жылы үшінші орын үшін таласта тағы да Бразилиядан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ 1982 жылғы чемпионатта Бразилиядан есе қайырып, оларды жартылай финалға барар жолда 3:2 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында осыған дейінгі матчтарда бір гол да соқпаған Паоло Росси хет-трик жасады. Паоло Росси Польшамен өткен жартылай финалдық матчта да екі гол соқты, сосын финалда Германияның қақпасын дәл көздеп, есеп ашты. Осылайша ол Италия үшін қатарынан алты гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанды. Финалда 3:1 есебімен ұтқан Италия үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Араға 24 жыл салып, осы жетістігін қайталады. 2006 жылы Германияда өткен чемпионатта тек екі матчта ғана тең ойнап, қалған ойындарда түгел жеңіске жетті.

2012 жылғы Еуропа чемпионатында финалға дейін жетіп, Испаниядан 0:4 есебімен ойсырай ұтылып қалды.

2014 жылғы әлем чемпионатында топтан шыға алмады, ал 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама беретін шешуші матчта Швециядан өте алмай, 1958 жылдан бері бірінші рет Әлемдік додадан сырт қалды.

Қызықты фактілер

1974-1990 жылдары қатарынан бес Әлем чемпионатында Аргентина құрамасымен кездескен.

Ит жылдары өткізілген Әлем Чемпионаттарында тек Италия мен Бразилия чемпион атанып келген: 1934, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006. Бұл дәстүр 2018 жылы ғана бұзылды.

Атақты футболшылары

Жетістіктері

  • Әлем чемпионы: 1934, 1938, 1982, 2006
  • Әлемнің күміс жүлдегері: 1970, 1994
  • Әлемнің қола жүлдегері: 1990
  • Еуропа чемпионы: 1968, 2021
  • Еуропаның қола жүлдегері: 2000, 2012
  • Олимпиада чемпионы: 1936
  • Олмипиаданың қола жүлдегері: 1928, 2004
  • Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2013

Ойыншылар

Қазіргі құрам

Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне келесі 26 ойыншы таңдалды[1].

ҚақпашыларТуған күніКлубы
1Сальваторе Сиригу12 қаңтар 1987 Торино
21Джанлуиджи Доннарумма25 ақпан 1999 Милан
26Алекс Мерет22 наурыз 1997 Наполи
ҚорғаушыларТуған күніКлубы
2Джованни Ди Лоренцо4 тамыз 1993 Наполи
3Джорджо Кьеллини 14 тамыз 1984 Ювентус
4Леонардо Спинаццола25 наурыз 1993 Рома
13Эмерсон Палмери3 тамыз 1994 Челси
15Франческо Ачерби10 ақпан 1988 Лацио
19Леонардо Бонуччи1 мамыр 1987 Ювентус
23Алессандро Бастони13 сәуір 1999 Интернационале
24Алессандро Флоренци11 наурыз 1991 Пари Сен-Жермен
25Рафаэл Толой10 қазан 1990 Аталанта
Жартылай қорғаушыларТуған күніКлубы
5Мануэль Локателли8 қаңтар 1998 Сассуоло
6Марко Верратти5 қазан 1992 Пари Сен-Жермен
7Гаэтано Кастровилли17 ақпан 1997 Фиорентина
8Жоржиньо20 желтоқсан 1991 Челси
12Маттео Пессина21 сәуір 1997 Аталанта
16Бриан Кристанте3 наурыз 1995 Рома
18Николо Барелла7 ақпан 1997 Интернационале
ШабуылшыларТуған күніКлубы
9Андреа Белотти20 желтоқсан 1993 Торино
10Лоренцо Инсинье4 маусым 1991 Наполи
11Доменико Берарди1 тамыз 1994 Сассуоло
14Федерико Кьеза25 қазан 1997 Ювентус
17Чиро Иммобиле20 ақпан 1990 Лацио
20Федерико Бернардески16 ақпан 1994 Ювентус
22Джакомо Распадори18 ақпан 2000 Сассуоло

Жеке рекордтар

Ойыншылардың рекордтары

Көп матч өткізген ойыншылар

Джанлуиджи Буффон - Италия тарихындағы 176 матчпен ең көп қақпада тұрған ойыншы.

2021 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп ойын көрсеткен ойыншылар:[2]

#Аты-жөніОйынГолЖылдар
1Джанлуиджи Буффон17601997–2018
2Фабио Каннаваро13621997–2010
3Паоло Мальдини12671988–2002
4Даниэле де Росси117212004–2017
5Андреа Пирло116132002–2015
6Дино Дзофф11201968–1983
7Джорджо Кьеллини10982004–қазіргі уақытқа дейін
8Леонардо Бонуччи10572010–қазіргі уақытқа дейін
9Джанлука Дзамбротта9821999–2010
10Джачинто Факкетти9431963–1977

Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамасында әлі де белсенді.

Мергендер

Луиджи Рива — Италия тарихындағы ең үздік сұрмерген — 35 гол.

2021 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша Италия құрамасында ең көп гол соққан ойыншылар:[3]

#ОйыншыГолОйынАрақатынасКезең
1Луиджи Рива35420.831965–1974
2Джузеппе Меацца33530.621930–1939
3Сильвио Пиола30340.881935–1952
4Роберто Баджо27560.481988–2004
Алессандро Дель Пьеро910.31995–2008
6Адольфо Балончери25470.531920–1930
Филиппо Индзаги570.441997–2007
Алессандро Альтобелли610.411980–1988
9Кристиан Вьери23490.471997–2005
Франческо Грациани640.361975–1983

Қарамен жазылған ойыншылар ұлттық футбол құрамада әлі де белсенді.

Сілтемелер

Италия құрамасының 1910 жылдан бергі матчтары(қолжетпейтін сілтеме)

Дереккөздер