Джон Тайлер

Джон Тайлер кіші (ағыл. John Tyler, Jr., 29 наурыз 1790, Чарльз Сити Округі, Виргиния штаты — 18 қаңтар 1862, Ричмонд, Виргиния) — АҚШ-тың оныншы президенті (1841—1845). Тайлер президенттік қызметіне сайдану жолымен емес, бұрынғы мемлекет басшысының қазасынан кейін вице-президент ретінде келген болатын.

Джон Тайлер
Джон Тайлер


10- Америка Құрама Штатының президенті
лауазымына ие болғаны
Сәуір 4, 1841 — Наурыз 4, 1845
ІзашарыВилиям Генри Гарисон
ІзабасарыJames K. Polk

10- Америка Құрама Штатының вице-президенті
лауазымына ие болғаны
Наурыз 4, 1841 — Сәуір 4, 1841
ПрезидентВилиям Генри Гарисон
ІзашарыРичард Джонсон
ІзабасарыДжордж Даллас

Уақытша Сенат президенті
лауазымына ие болғаны
Наурыз 3, 1835 — Желтоқсан 6, 1835
ПрезидентЭндрю Джексон
ІзашарыДжордж Пойндекстер
ІзабасарыВиллиям Кинг

Құрама Штаттар сенаторы
from Виргиния
лауазымына ие болғаны
Наурыз 4, 1827 — Ақпан 29, 1836
ІзашарыJohn Randolph
ІзабасарыВиллиам Ривес

23rd вирджиния штатының губернаторы
лауазымына ие болғаны
Желтоқсан 10, 1825 — Наурыз 4, 1827
ІзашарыJames Pleasants
ІзабасарыWilliam Giles

Member of the U.S. House of Representatives
from Виргиния's 23rd district
лауазымына ие болғаны
Желтоқсан 17, 1816 — Наурыз 3, 1821
ІзашарыJohn Clopton
ІзабасарыЭндрю Стивенсон

Дүниеге келгені1790 ж. наурыздың 29 (1790—03—29) (234 жас)
Charles City County, Виргиния, Қ.Ш.
Қайтыс болғаны1862 ж. қаңтардың 18 (71 жаста)
Richmond, Виргиния, Қ.Ш.
Саяси партиясыIndependent (1841–1862)
ЖұбайыLetitia Christian (1813–1842)
Julia Gardiner (1844–1862)
Балалары
  • Мэри
  • Роберт
  • John, Jr.
  • Летисиа
  • Элизабет
  • Anne Contesse
  • Alice
  • Tazewell
  • David Gardiner
  • John Alexander
  • Julia Gardiner
  • Lachlan
  • Lyon Gardiner
  • Robert Fitzwalter
  • Pearl
Оқу орныCollege of William and Mary
МамандығыLawyer
ДініEpiscopal
ҚолтаңбасыДжон Тайлер's signature

Президенттікке дейін

Виргиния жерінен шыққан, құқықтану ілімін игерді, 1816—1821 жылдар арлығында конгрессөкілдері палатасының мүшесі, Миссурийлік келісім туралы тартыста құлдыққа қарсы принципін қолдаған болатын, алайда жеке шаттарда құлдықты тоқтатуы немесе ұйғаруын құқығына қарсылар одағымен бірге болатын. 1825—1827 жылдары - осы штаттың сенаторы. Вига партиясының құрылуы кезеңінде бұрынғы өзінің әрекетіне қарама-қарсы әрекетпен осы партияның мүшесі болды. 1840 жылы вига партиясының үміткері ретінде вице-президенттікке тартылып, осы қызметке сайланды. 1841 жылы 4 наурызда өз қызметін атқаруға кірісті, ал 1841 жылы 4 сәуір айында Гаррисонның қазасына байланысты президенттік таққа отырды. Тайлер конституцияны президенттің қазасы уақытында вице-президент тек президент міндетін атқарушы емес, қызметтегі президент болуы керектігі турасында талқыға салды (аталмыш прецедент 1967 жылы конституцияға жаңадан өзгерістер енген уақытқа дейін күшін жойған жоқ).

Президенттігі

Оны сайлаған партияның үмітін ақтамады, керісінше, басқару жүйесінде демократтарға сүйенді. Вигалық кейбір заңнамадағы оларға салынған тыйымдар салдарынан , көп жағдайда, 1841 жылы шілде айында сол уақыттардағы Гаррисон тағайындаған конгресс, кабинет демалысқа кеткендіктен, Тайлердің демократтарға ашық түрде арқа сүйеуіне мәжбүр болды. Бұл қатты кейістіктің туындауына алып келіп, көп жерлерде оның портреттері халықтық митингілерде жандырылды. Тайлер өз басқаруының уақытына дейін өз саясатын жалғастыра берді және өзінің басқаруының соңғы кезеңіне дейін (1845 ж) конгресспен жаулық қатынаста қалып қойды.