Дида (қақпашы)

Нелсон де Жезус Силва (порт. Nelson de Jesus Silva; 7 қазан 1973 жыл, Ирара, Баия), Дида (порт. Dida ретінде танымал) — бразилиялық футболшы, қақпашы. Кейін жағажай футболында да ойнады[1]. Бразилия Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы.

Дида Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Нелсон де Жезус Силва

Лақап аттары

Лорд Нельсон Дида магальский "Пантера" "Ұлы"

Туған күні

7 қазан 1973 (1973-10-07) (50 жас)

Туған жері

Ирара, Баия, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия Бразилия
Италия Италия

Бойы

195

Позиция

қақпашы

Жастар клубы
1991Бразилия АСА Арапирака
1992Бразилия Крузейро (Арапирака)
Клуб карьерасы[* 1]
1992—1993Бразилия Витория24 (−27)
1994—1998Бразилия Крузейро120 (−135)
1998—1999Швейцария Лугано0 (0)
1999—2000Бразилия Коринтианс25 (−35)
2000—2010Италия Милан206 (−163)
2012Бразилия Португеза Деспортос32 (−31)
2013Бразилия Гремио37 (−32)
2014—2016Бразилия Интернасьонал43 (-28)
Ұлттық құрамы[* 2]
1996Бразилия Бразилия (олимп.)17 (−16)
1995—2006 Бразилия91 (−67)

Карьерасы

1998, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына барды. 1998 жылы Таффарел, 2002 жылы Маркос негізгі қақпашы болды да, ол екі турнирде Дида бір ойында да алаңға шыққан жоқ. Тек 2006 жылғы әлем чемпионатына негізгі қақпашы ретінде барды. Ол чемпионатта Бразилия 1/4 финалда Франциядан ұтылып қалды.

2002 жылғы әлем чемпионы, екі дүркін Конфедерациялар кубогының жеңімпазы. Клубтық және Ұлттық құрама деңгейіндегі барлық жүлдеге қол жеткізген.

Карьерасында Италия және Бразилия клубтарында ойнады. 1999 жылы Швейцариялың "Лугано" клубына қосылғанымен, бір кездесуде де алаңға шыққан жоқ.

Жетістіктері

Ұлттық құрама

Клубтық

  • Италия чемпионы: 2003/04
  • Чемпиондар лигасы: 2002/03, 2006/07
  • Бразилия кубогы: 1996
  • Италия кубогы: 2003
  • Италия суперкубогы 2004
  • Либертадорес кубогы: 1997
  • УЕФА Суперкубогы: 2003, 2007

Дереккөздер

Сілтемелер