Доломит

Dolomite

Dolomite and magnesite – Spain
Негізі
Санаты Минерал
Химиялық формуласы (CaMg)(CO3)2
Strunz classification 05.AB.10
Crystal symmetry Trigonal rhombohedral, 3
Unit cell a = 4.8012(1) Å, c = 16.002 Å; Z = 3
Ерекшеліктері
Түсі White, gray to pink
Кристал пішіні Tabular crystals, often with curved faces, also columnar, stalactitic, granular, massive.
Сингониясы Trigonal
Twinning Common as simple contact twins
Үгітіндісі Perfect on {1011}, rhombohedral cleavage
Агреттары Conchoidal
Беріктігі Brittle
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы 3.5 to 4
Streak White
Үлес салмағы 2.84–2.86
Оптикалық сипаты Uniaxial (-)
Refractive index nω = 1.679–1.681 nε = 1.500
Birefringence δ = 0.179–0.181
Solubility Poorly soluble in dilute HCl unless powdered.
Басқа сипаттамалары May fluoresce white to pink under UV; triboluminescent.
Дереккөздер [1][2][3][4]

Доломит (француз геологы Д.Доломьенің есімімен аталған) – 1) карбонаттар класының минералы [CaMg (СО3)2]. Тригональдық сингонияда кристалданады. Кристалдары ромбоэдр, призма пішіндес. Ірі кристалды агрегаттары гидротермальдық түзілімдер мен қайта кристалданған карбонатты қабаттарда кездеседі. Түсі сұрғылт ақ, кейде сарғыш, қоңыр немесе жасыл реңді болады. Қаттылығы 3,5 – 4, меншікті салмағы 2,85 г/см3, шыныдай жылтыр, морт сынғыш; 2) негізінен Доломит минералынан тұратын шөгінді карбонатты тау жынысы. Негізгі қоспалары кальцит, ангидрит. Доломит әдетте әктаспен бірге кездеседі және құрамындағы Доломитің мөлшеріне байланысты әктас Доломит (95 – 75%) және Доломитті әктас (50%-дан аз) болып бөлінеді.[5] Егер негізгі қоспа – ангидрит болса, тау жынысы ангидритті Доломит, саз болса Доломиті мергель, құм болса құмды Доломит деп аталады. Доломит кембрийге дейінгі және палеозой шөгінділерінде кең таралған. Ол металлургияда (отқа төзімді материал, флюс ретінде), шыны өнеркәсібінде, глазурь және ақ магнезит әзірлеуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығында топырақтың қышқылдығын азайту үшін қолданылады.

Доломит ұнтағы

Сырт көрінісі ұнға яки құмға ұқсайтындоломит кристалшаларынан тұратын борпылдақ та сусымалы масса. Доломит ұнтағыдоломитпен жақсы қаныққан аймақгардың морылу қыртыстарында доломиттітаужыныстың бірте-бірте босаңсуы және тандамалы түрде шаймалануынәтижесінде қалыптасады.

Балдырлық доломиттер

Балдыр тіршілігінің іздерін көптеп кіріктіретін доломиттер.

Туынды доломиттер

Әкті құрамды шөгіндінің якитаужыныстың доломитпен алмасуы нәтижесінде қалыптасқан доломиттер.

Диагенетикалық доломиттер

Әктасты шөгіндініңдиагенезденуі сатысында сол әктастардың доломитпен алмасуы нәтижесіндеқалыптасатын доломиттер.

Метасоматиттік доломиттер

Әкті шөгінділердіңнемесе таужыныстардың доломитпен алмасуы нәтижесінде қалыптасатындоломиттердің генетикалық типі.

Сынықты доломиттер

Карбонатты немесе сазды-карбонатты материалдармен дәнекерленген доломит сынықшаларынан тұратынтаужыныстар.

Алғаш шөгінді доломиттер

Негізіненашқылтым сулы алаптарда химиялық тұнбалану нәтижесінде түзілгендоломиттердің генетикалық типі.

Седименттік-диагенетикалық доломиттер

Сепкіл-сепкіл сырт бейнесімен ерекшеленетін, әдетге линза тұрқыласденелер құрайтын бүкіл метасоматиттік доломиттер. Орыс ғалымы Страховолардың қалыптасуын алғашында әкті-доломитті құрамды иеленген шөгінді таужыныстағы доломиттердің диагенез сатысында қайтадан таралуыньщ нәтижесідеп есептейді, алайда бұл тұжырым толығымен мойындалған ресми қағида емес.

Строматолиттік доломиттер

Негізіненстроматолиттер мен олардың сынықшаларынан тұратын доломиттер; көнекарбонатты қатқабаттарда кеңінен тараған.[6]

Дереккөздер