Донецк облысы

Донецк облысы (укр. Доне́цька о́бласть) — Украина оңтүстік-шығысындағы облысы. Ол 1932 жылдың 2 шілдесінде құрылды. 1932 жылдан 1961 жылға дейін ол Сталин облысы деп аталды және өзінің қазіргі шекарасын 1938 жылы 3 маусымда алды.[3]

Донецк облысы
укр. Донецька область
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Енеді

8 аудан

Әкімшілік орталығы

Донецк (де-юре, 1938–, 2014 жылға дейін де-факто)
Краматорск (де-факто, қазан 2014–)
Мариуполь (де-факто, маусым–қазан 2014)

Донецк облыстық әскери-азаматтық әкімшілігінің төрағасы

Ігор Мороз (м.а.)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°08′ с. е. 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я) 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

2 маусым 1932

Жер аумағы

26,517[1] км² (4,39 %, 11 орын)

Уақыт белдеуі

UTC+2 (EET)
UTC+3 (жазғы уақыты)

Ірі қаласы

Донецк

Басқа ірі қалалары

Донецк, Макеевка, Горловка, Краматорск, Славянск, Енакиево, Бахмут

Тұрғындары
Тұрғыны

4,059,372[2] адам (2022)(1 орын)

Ұлттық құрамы

украиндар (56.9%), орыстар (38.2%), понттық гректер (1.6%), беларустар (0.9%) және басқалары

Ресми тілі

украин

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

UA-14

Телефон коды

+380-62

Пошта индекстері

83000–87999

Автомобиль коды

05, АН

dn.gov.ua  (укр.)

Донецк облысы картада

Донецк облысы Ортаққорда 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я)

2014 жылдың сәуірінде Украинадағы саяси дағдарыстың ушығуы нәтижесінде облыс аумағында жартылай мойындалған Донецк Халық Республикасы болып жарияланды.[4][5] Облыстың бір бөлігі, соның ішінде Донецк атты орталығы Ресей әскерімен жауланған себебінен облыстың қазіргі әкімшілік орталығы Краматорск қаласында орналасқан.

Тарихы

Донецк облыстық кеңесінің ғимараты, Донецк, 2008

Кеңестік тарихы

Донецк облысы құрылғанға дейін оның аумағында 1923 жылдан 1930 жылға дейін үш аудан (округа) болды. 1925 жылы Донецк губернаторлығы ыдырады. 1932 жылдың 2 шілдесінде Кеңестік Украина құрамында Сталин облысы құрылды. 16 шілде күні облыс орталығы болып Сталино (қазіргі Донецк) қаласы таңдалды. 1938 жылға дейін Донецк облысы қазіргі Донецк облысы мен Луганск облысының аумақтарын қамтыды. 1938 жылы ол маусымда Сталино облысы (қазіргі Донецк облысы) және Ворошиловград облысы (қазіргі Луганск облысы) болып екіге бөлінді.

1941 жылдың күзінен 1943 жылдың күзіне дейін фашистік неміс басқыншылығы кезінде Донецк облысы Юзовка облысы (Донецктің бастапқы атауымен) деп аталды.

Кеңес Одағындағы десталинизация саясатының бір бөлігі ретінде 1961 жылы Сталино және Сталин облысы Донецк және Донецк облысы болып өзгертілді.

Кеңес Одағы ыдыраған кезде 1991 жылғы референдумда Донецк облысындағы сайлаушылардың 83,9% Украинаның тәуелсіздік жариялауын қолдаған.[6]

Тәуелсіз Украинадағы тарихы

1990 жылдардың ортасында бұл аймақ қылмыстық әрекеттердің күшейгенімен, оның ішінде Әхәт Брагин мен Євген Щербан сияқты танымал бизнесмендердің өлтірілуімен белгілі болды.

Ресей-Украина дағдарысы (2014–2022)

Донецк облысы елдің басты про-ресейлік партиясы, Аймақтар партиясының басты орталығы болды. Партия 2002 жылы үкімет құрамына кірді де, саясатта аса қуатты болған «Донецк саяси кланының» негізін салған.

2004 жылдың соңында Аймақтар партиясы Донецк облысын қосатын Оңтүстік-Шығыс Украина Автономиялық Республикасы деген саяси жобаны құруға қатысты. Ресей үкіметімен тығыз байланыста болған Аймақтар партиясы жергілікті коммунистермен және басқа ресейшіл белсенділермен бірге ресейшіл толқуларды тудырды, олар кейінірек Донбастағы соғысқа ұласты. 2014 жылдың мамыр айында Украина үкіметі Донецк облысындағы Ресеймен шекарасын бақылаудан айырылды. Қазір облыстың шығыс бөлігін Ресей басып алған.

Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–)

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Ресей Донецк (ДХР), Луганск (Луганск Халық Республикасы), Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялады. Кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы елдерді «заңсыз аннексиялау әрекеті» деп сипаттаған бұл әрекетті мойындамауға шақыратын резолюция қабылдады, Ресейден «жедел, толық және сөзсіз кетуін» талап етті[7] және әлемнің көптеген елдері бұл аннексияны мойындамады. 2022 жылдың аяғында облыс қарама-қарсы тараптар арасында шамамен тең бөлінген.

Әкімшілік-аумақтық құрылысы

Облыс 8 түрлі ауданға және 28 бірдей деңгейлі муниципалитетке (22 қалалық рада, 6 облыстық маңызы бар қала) бөлінген. Төменде барлығының тізімі берілген:     2001 жылғы және 2012 жылғы санақтарда осы аудандардың халық саны жүргізілмеген.

ТуыЕлтаңбасыАтауыУкраинша атауыАуданы
(км2)
Халық саны
2001 Санақ
Халық саны
(Болжалды саны)
1 қаңтар 2012
Халық саны
(Болжалды саны)[8]
1 қаңтар 2021
Халық саны
(Болжалды саны)[9]
1 қаңтар 2022
Әкімш.орт.
АвдеевкаАвдіївка (місто)2937,23735,25731,94031,392
БахмутБахмут (Міськрада)74113,785104,63172,31071,094Бахмут
ЧистяковоЧистякове (Міськрада)10596,02681,76153,72553,462Чистяково
ДебальцевоДебальцеве (Міськрада)3853,41246,30224,31624,209Дебальцево
ДобропольеДобропілля (Міськрада)11972,81763,93828,75728,170Доброполье
ДокучаевскДокучаївськ (Міськрада)4725,02424,50622,90722,835Докучаевск
ДонецкДонецьк (Міськрада)5711,024,678971,096905,364901,645Донецк
ДружовкаДружківка (Міськрада)2375,00670,12655,08853,977Дружовка
ГорловкаГорлівка (Міськрада)422312,284279,500241,106239,828Горловка
ХарцызскХарцизьк (Міськрада)207113,685105,10456,36756,182Харцызск
КировскоеКіровське (місто)731,04128,47027,44127,370
КонстантиновкаКостянтинівка (місто)6694,88678,11468,79267,350
КраматорскКраматорськ (Міськрада)356215,729199,020150,084147,145Краматорск
ЛиманЛиман (Міськрада)19228,99623,74020,46920,066Лиман
МакеевкаМакіївка (Міськрада)426431,023394,604340,337338,968Макеевка
МариупольМаріуполь (Міськрада)244510,835486,320431,859425,681Мариуполь
МирноградМирноград (Міськрада)2056,70250,99546,90446,098Мирноград
НовогродовкаНовогродівка (місто)617,55915,56014,30014,037
ПокровскПокровськ (Міськрада)3982,83077,89161,16160,127Покровск
СелидовоСелидове (Міськрада)10862,81954,62621,91621,521Селидово
ШахтёрскШахтарськ (Міськрада)5172,71161,23448,40448,208Шахтёрск
СлавянскСлов'янськ (Міськрада)74142,873138,450106,972105,141Славянск
СнежноеСніжне (Міськрада)18983,04671,27745,96645,767Снежное
ТорецкТорецьк (Міськрада)6286,28174,43531,51330,914Торецк
УгледарВугледар (місто)517,51815,47714,43214,144
ЯсиноватаяЯcинувата (місто)1936,90335,84334,26934,144
ЕнакиевоЄнакієве (Міськрада)425162,778132,11077,05376,673Енакиево
ЖдановкаЖданівка (Міськрада)214,37513,37711,91311,867Ждановка
Бахмут (аудан)Бахмутський (район)1,747.654,06545,367224,528220,275Бахмут
Донецк (аудан)Донецький (район)2,895.1
1,490,3011,484,514Донецк
Горловка (аудан)Горлівський (район)2,468.4
664,949662,069Горловка
Кальмиусское (аудан)Кальміуський (район)3,132.6
121,234120,769Кальмиусское
Краматорск (аудан)Краматорський (район)5,186.3
553,559543,371Краматорск
Мариуполь (аудан)Маріупольський (район)2,623.8
510,425502,909Мариуполь
Покровск (аудан)Покровський (район)4,020.037,56732,439393,487386,451Покровск
Волноваха (аудан)Волноваський (район)4,449.192,48984,579141,797139,014Волноваха
Жалпы облысыДонецька (Область)26,5174,825,5634,403,1784,100,2804,059,372Донецк

Облыстың екінші бөлімі олардың кеңестерімен басқарылатын әртүрлі муниципалитеттерден тұрады. Бұл муниципалитеттер бір немесе бірнеше елді мекендерден тұруы мүмкін. Барлығы әкімшілік жағынан өздері орналасқан ауданға бағынады.

Төмендегі деректер Донецк облысының екінші деңгейлі әкімшілік бөлімшелерінің әрбір түрінің санын қамтиды:

  • Жалпы елді-мекендері – 1,283, соның ішінде:
    • Ауылдары – 1,124;
    • Қалалары – 159, соның ішінде:
      • Кенттері – 131;
      • Аудандық бағыныстағы қалалары – 24;
  • сельсоветтері – белгісіз.
Донецк облысының картасы. Картадағы аудандарды тінуірмен шертіп, олардың мақаласын көруге болады.
КраматорскБахмутГорловкаДонецкКальмиусскоеМариупольВолновахаПокровск

Облыстың жергілікті әкімшілікті Донецк облыстық радасы (кеңесі) басқарады. Донецк облысының «әкімі» Донецк облысы әкімшілігінің төрағасы деп аталады, оны Украина президенті тағайындайды.

Географиясы

Физикалық-географиялық орналасуы

Оңтүстік-батыста және батыста облыс Украинаның Днепропетровск және Запорожье облыстарымен, солтүстік-батыста Харьков облысымен, солтүстік-шығыста Луганск облысымен, оңтүстік-шығыста Ресейдің Ростов облысымен шектеседі.

Облыстың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы — 255 км, батыстан шығысқа қарай — 180 км. Облыстың шекараларының жалпы ұзындығы — 1526 км, оның ішінде: құрлық — 1376 км, теңіз — 140 км. Аймақтың ең биік жері — атауы жоқ, биіктігі 336 м, Дебальцевтегі №3 платформа және метеорологиялық платформаның жанында орналасқан нүктесі, ең төменгі жер (.40,4 м) — Азов теңізіндегі су деңгейі.

Халқы

2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс халқы 4,288,258 адамды құрады[10] (бұл 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 32,563 адамға аз). 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың 4,997,200 тұрғынының 3895,600 адамы (90,84%) қалалық жерлерде, ал 401,600 адам (9,16%) ауылдық жерлерде өмір сүрді.[11] Тұрақты халық саны — 4,284.4 мың адам, оның ішінде қала халқы — 3,879.7 адам (90.55%), ауыл халқы - 404,700 адам (9.45%). Облыс орталығының тұрғындары 952,100 адамды құрады (облыс халқының 22.16%).

2001 жылғы халық санағы бойынша, облыс халқының 74.9%-ы орыс тілін өз ана тілі деп атады. 1989 жылғы алдыңғы халық санағымен салыстырғанда, өздерін этникалық орыс деп санайтын адамдар санының азаюына қарамастан, бұл көрсеткіш 7.2 пайыздық тармаққа өсті. Өз кезегінде облыс тұрғындарының 24,1% украин тілін ана тілі деп санады, бұл алдыңғы санақ бойынша 6.5 пайыздық тармаққа аз. Санақ жүргізу кезеңінде ана тілі ретінде көрсетілген басқа тілдердің үлесі 1.7%-дан 1%-ға дейін төмендеді.[12] 2012 жылы мемлекеттік тіл саясатының негіздері туралы заң қабылданғаннан кейін орыс тілі аймақта аймақтық мәртебеге ие болды. 2018 жылдың 28 ақпанында заң конституциялық емес деп танылды және күшін жоғалтты.[13]

Марапаттары

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер