Есбол (Индер ауданы)
Есбол (2007 ж. дейін Кулагино[2]) — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Есбол ауылдық округі орталығы. Жайықтың оң жақ бетіндегі тарихи елді мекендердің бірі.
Ауыл | |
Есбол | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 48°22′05″ с. е. 51°33′27″ ш. б. / 48.36806° с. е. 51.55750° ш. б. (G) (O) (Я) 51°33′27″ ш. б. / 48.36806° с. е. 51.55750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1744[1] |
Алғашқы дерек | |
Бұрынғы атаулары | Кулагин бекінісі, Кулагин станицасы, Кулагино |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲4524 адам (2022) |
Этнохороним | есболдық, есболдықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 06 |
Есбол шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде. Ірі елді мекендер арасы асфальт жолдармен жалғасқан.
Тарихы
«Ақжар» деп аталатын биік жар қабағынан салынған әскери бекіністі 1740 жылы Орынбор губернаторы И. И. Неплюевтің бұйрығымен кеңейтіп қайта салу ісі қолға алынады. Бекініс 1744 жылы Жайық өзенінің оң жағалауынан салынады. Осы қамалдағы ішкі шаруашылықты басқаратын А.И. Кулагин деген кісінің есімі бірте-бірте ауылдың атына айналып, қазақтың Ақжар атауы ұмыт қалады[3]. 1933-1963 жылдары Есбол ауданының орталығы болды. Кейін «Правда» кеңшарының орталығы болған.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 3798 адам тұрған.[4] 1999 жылы тұрғындар саны 4189 адам (2108 ер адам және 2081 әйел адам) болса, 2009 жылы 4307 адамды (2174 ер адам және 2133 әйел адам) құрады.[5]
2021 жылғы санақ бойынша 3953 адамды (2056 ер адам және 1897 әйел адам) құраса[6], 2022 жылы тұрғындар саны 4524 адам болды.[7]
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
Мектептер
- Есбол орта мектебі — 26 сәуір 1993 жылы Кулагино ұлттық гимназиясы болып құрылған. Кейін жай орта мектепке айналдырылған.[8]
- Қалам Есқалиев атындағы орта мектеп — Мектептің іргетасы 1936 жылы қаланған. 2016 жылы «Қалам Есқалиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атауы берілді.[9]
- Жамбыл атындағы орта мектеп — 1928-29 ж. алғаш қазақ балалары үшін ашылған мектеп. 1937 ж. орта мектепке айналды.
Мектепке дейінгі білім
- "Қарлығаш" бөбекжай-бақшасы
- "Балапан" бөбекжай-бақшасы
Кәсіпорындар
Мұнда орман шаруашылығы, агроөнеркәсіптік техникалық жабдықтау бөлімі, байланыс бөлімі, тұтынушылар қоғамы сияқты мекемелер мен кәсіпорындар бар.[10]
Діни ұйымдар қызметі
- Есбол ауылдық мешіті
Елді мекендегі көшелер
- Абай Құнанбаев көшесі
- Абдолла Мұсағалиев көшесі
- Ақжар (Маринка) көшесі
- Бейбітшілік (Меңдібай) көшесі
- Боран Нысанбаев көшесі
- Ғилымғали Сайханов көшесі
- Дина Нұрпейісова көшесі
- Достық көшесі (Тайманов тұйық көшесі)
- Елеусін Ахметов көшесі
- Жамбыл Жабаев көшесі
- Исатай Тайманов көшесі
- Кетебай Бахитов көшесі
- Қабдір Шүйінішқалиев көшесі
- Қаныкей Алипова көшесі
- Қапизолла Қуанышбаев көшесі
- Қуанышкерей Сұлтанов көшесі
- Құрманғазы Сағырбаев көшесі
- Құспан Есбосынов көшесі
- Махамбет Өтемісұлы көшесі
- Мұрат Мөңкеұлы көшесі
- Мұхтар Әуезов көшесі
- Нәсіпқали Сапаров көшесі
- Сәкен Сейфуллин көшесі
- Сырым Датов көшесі
- Штатбай Иманғазиев көшесі