Жоржиа Мелони

(қазан 2022)

Жоржиа Мелони (итал. Giorgia Meloni) — италиялық саясаткер. 22 қазаннан бастап Италияның министрлер кеңесінің төрағасы болған тарихтағы бірінші және әзірше жалғыз әйел адам. Сильвио Берлусконидың төртінші үкіметінде, яғни 2008-2011 жылдары, Италияның жастар ісі жөніндегі министрі (итал.). Италия бауырластары (2014 жылдан бастап) және Еуропалық консерваторлар мен реформисттар партияларының (2020 жылдан бастап) лидеры.

Жоржа Мелони
итал. Giorgia Meloni
Жоржиа Мелони
Жоржа Мелони (2022)
Лауазымы
Ту
Ту
Италияның министрлер кеңесінің төрағасы
Ту
Ту
2022 жылдың 22 қазаны
ІзашарыМарио Драги
«Италия бауырластары» партиясының төрағасы
8 наурыз 2014 жыл
ІзашарыИньяцио Ла Русса
Ту
Ту
Италия депутаттар палатасының мүшесі
Ту
Ту
28 сәуір 2006 жыл
Ту
Ту
Жастар ісі жөніндегі министр (итал.)
Ту
Ту
8 мамыр 2008 жыл — 16 қараша 2011 жыл
ІзашарыДжованна Меландри
ІзбасарыАндреа Риккарди
Ту
Ту
Италияның депутаттар палатасының төрағасының орынбасары
Ту
Ту
4 мамыр 2006 жыл — 28 сәуір 2008 жыл
Өмірбаяны
ПартиясыИталияқоғамдық қауымдастығы 1992-1995

Ұлттық альянс(Италия) 1995-2009Бостандық халқы 2009-2012Бауырлас Италия 2012 бастап

АзаматтығыИталияндық
Дінікатолицизм
Дүниеге келуі15 қаңтар 1977 (1977-01-15) (47 жас)
Рим, Италия
ӘкесіФранческо Мелони
АнасыАнна Пароторе
БалаларыЖинерва
Сайтыgiorgiameloni.com

Балалық және жастық шағы

Балалық шағы

Жоржа Мелони 1977 жылдың 15 қарашасы Римде дүниеге келген.[1] Сардиниядан шыққан Франческо Мелонидың және Сицилиядан шыққан Анна Паратореның қызы. Әкесі Франческо Мелони салық кеңесшісі әрі юрист, 1995 жылы есірткі саудасы үшін сотталып Испанияда 9 жыл бойы түрмеде отырған.[2][3] Мелони бір жаста болғанда әкесі канар арадарына «Cavallo pazzo», яғни «Ессіз жылқы» атты яхтада кетіп, отбасын тастап кеткен еді.[4][5]. Оның 1975 жылы туылған туған әпкесі бар - Арианна Мелони. Әпкесінің күйеуі Мелони кабинетінде ауыл шаруашылығы министрі атанған Франческо Лоллобриги.[6][7]Ол әпкесімен бірге байқамай өздерінің үйлерінде өрт шығарған соң, 3 жасында анасымен және әпкесімен бірге кедейлердің Гарбателла кварталына көшті.[4][8] Жоржа 12 жастан бері әкесімен сөйлеспейді.

Жастық шағы

1996 жылы Америго Виспучи атындағы институтта лингвистика саласынан арнайы, орташа білім алып бітірді.[9][10] 15 жасар Мелони 1992 жылы «Бабалар» (Gli Antenati) студенттік бірлестігін құрды. Оның мақсаты білім министрі Роза Руссо-Ерволини ойлап тапқан мектеп реформасының проектісіне қарсы шығу болатын.[11] Тура сол уақытта ол неофашисттік Италияндық қоғамдық қозғалыс партиясының жастық бөліміне яғни, Жастар фронтына қосылды.[1] [12] 1996 жылы Италияндық қоғамдық қозғалыс партиясың студенттің ассоциациялар форумында өкілі болатын «Студенттік іс» (Azione Studentesca) организациясын басқарып бастады. [13]1998 жылы постфашисттік Ұлттық альянс партиясынан сайлауға қатысып, жеңіске жеткен соң, Рим провинциясының кеңесіне 2002 жылға шейін өтіп әрі мәдениет, мектеп, жастар политикасы жайлы комиссияда 2003 жылға дейін болған. 2001 жылы Ұлттық альянс партиясының лидері Жанфранко Фини Мелониды партияның «Жастардың ісі» (Azione Giovani) жастар организациясының ұлттық басқарушы комитетінің координаторы етіп тағайындады. 2004 жылғы Витербодағы организацияның сьезінде оның алғашқы әйел лидері атанды.[14] Сол жылдарда ол Римдегі ең танымал түңгі клубтарының бірі Пайпер клубында күтуші даяршы және бармен болып жұмыс істеді.[15][16]

Политикалық жолы

Депутаттар палатсының мүшесі

2006 жылы ол Ұлттық альянс партиясынан Италияның парламентінің XV шақырылымына өтті. Одан кейін ол мектепте шет тілдер бойынша орта мектеп дипломын 60/60 балмен алғанын мәлімдеді. Бұл кішкене қарсылықтар туғыздырды. Себебі Америго Виспучи атындағы мектеп ондай диплом беруге құқығы жоқ еді.[17] Бірақ Мелони тілдік бакалавр алғаны мәлім болды.[18] Солай қарсылықтардың барлығы жоғалды. Осы жылы ол журналист болып жұмыс істеп бастады. [19] Тағы да 2006 жылы ол премьер-министр әрі Медиа-магнат Сильвио Берлусконидың III кабинеті қабылдаған заңдарды қорғаған. Ол заңдар Берлусконидың компанияларына пайда әкеліп, соған қоса оған қатысты соттарды кейінге қалдыратын. Ол «Бұл заңдарды контекстте санау керек. Бұл заңдарды Берлускони өзі үшін жасады. Бір бұл заңдар әділ» деп айтқан. [20] Парламенттін XV шақырылымында, нақтырақ айтсақ 2006 жылдың 4 мамырынан 28 сәуіріне шейін депутаттар палатасының төрағасының орынбасары болды.[21] Соған қоса 2008 жылдың 29 мамырынан 28 сәуіріне шейн байланыс және сыртқы информация істері жайлы комитетті(Comitato per la comunicazione e l’informazione esterna) және де Карло Финци фондына биржа статусың беру бойынша комиссияны(Commissione per il conferimento delle borse di studio della fondazione «carlo finzi») басқарған.[22].

Жастар жайлы істер министрі

Мелони 2008 жыл

2008 жылдың 8 мамырында Мелони Сильвио Берлусконидың IV үкіметінде Жастар жайлы істер министрі болып тағайындалды. Сол кезде ол біріккен Италияның тарихындағы ең жас министр атанды[23]. Ол бұл қызметте Сильвио Берлускони финастық кризистың және протесттардың кесірінен кетуге мәжбүр болғанға шейін болды. [24] 2008 жылы ол Италия спортсмендерін Бейжіңдегі 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына бойкот жасауды ұсынды: бұл мәлімдеме Берлускони мен сыртқы істер министрі Франко Фраттинидың критикасына түсті.[25] 2009 жылы оның Ұлттық альянс партиясы Алға Италия партиясымен бірігіп, Бостандық халқы партиясын құрды. Сол кезде ол біріккен партияның Жас Италия жастық секциясының президенті атанды.[23] Тура сол жылы ол эвтанзияға қарсы декретке дауыс берді. [26]

2010 жылы ол министрліктің атынан «Болашаққа құқық» деп аталатын 300 миллион евроға пакетті берді.[27] Ол жастарға инветициялауды көздеген 5 иницативадан тұратын. Оның ішінде жаңа кәсіпкерлерге стимул, уақытша жұмысшыларға бонусар және лайықты студенттерге кредиттер бар. 2012 жылдың қарашасында Мелони Анджелино Альфанидың партиядағы лидерлығына қарсы шықты. Бұның себебі оның Монти кабинетің қолдауы болды. Праймеризден бастартылудан кейін ол Иньяцио Ла Русса мен Гвидо Корсетто атты политиктармен Монтидың политкасына қарсы шығу үшін, партия ішінде өзгерістерді талап етіп6 әрі Берлускониға қарсы шығу үшін бірікті.[28][29]

Италия бауырластары

Мелони Гуидо Кросеттомен 2014 жылы

2012 жылдың желтоқсанында ол Бостандық халқы партиясынан шығып, Иньяцио Ла Русса мен Гвидо Корсетто бірігіп, Италия әнұранынан алынған сөздерден атауын алып, Италия бауырластары партиясын құрды. [30][31][32] 2013 жылғы парлменттік сайлауда ол қайтадан парламенттің астынғы палатасына өтті. Басында 19 наурыздан бастап аралас фракцияда болды. Ал 3 сәуірде ол Италия бауырластары - ұлттық альнс фракциясына өтті. [33].

2014 жылдың 8 наурызында ол Италия бауырластарының төрағасы болып сайланды.[34]

2014 жылдың наурызында пресса Мелониды Италияның оңшылцентристтік күштерінің лидері постында Берлусконидың ұрпағы болады деп айта бастады,[35] ал тура сол жылдың күзінде кейбір халық ойының сауалнамаларына сәйкес ,ол сенім рейтингында қазіргі премьер-министр Маттео Ренцидан кейінгі екінші орында тұрды.[36] 2015 жылдың 4 қарашасында бүкіл оңшылцентристтік күштерді біріктіру үшін жасалған ''Terra nostra — Italiani con Giorgia Meloni'' (Біздің жер - Итальяндықтар Жоржа Мелонимен бірге) қозғалысын құрғаны туралы мәлімдеді.[37].

Римнің мэры сайлануы (2016)

2016 жылдың 17 наурызында Маттео Сальвинидың солтүстік лигасымен Римның мэрының сайлануына қатысатыны туралы мәлімдеді. Өзінің шешімімен ол оңшыл центристтердің лагерьін бұзды.

Себебі бұл уақытта Сильвио Берлусконидың Алға Италия партиясы Гвидо Бертолазо (итал.)ның кондитатурасын ұсынып қойған еді. [38].

2016 жылдың 5 маусымы ол сайлаудың бірінші турында үшінші орын алып, жеңіліске ұшырады. Ол 20,64% пайыз жинады. Қарсыластары Роберт Жакетти мен Виржиния Ражжи 24,87 және 35,25 пайыздар жинады.[39].

2018 жылғы парламенттік сайлау және одан кейінгі оқиғалар

Мелони(сол жақта) Маттео Сальвини(ортада) және Сильвио Берлусконимен(оң жақта)

2018 жылдың 4 наурызында оның «Италия бауырластары» партиясы сайлауда жеңген оңшылцентристтік коалициясының ішінде барды. Бірақ парламенттің жартысы оппозицияға тиесілі болғандықтан, жаңа үкімет құралуы созылып кетті, және ең соңыңда ең мүмкін коалиция басқа оңшылцентристті партияларының қатысуынсыз Солтүстік лига мен Бес жұлдыз қозғалысының коалициясы болып шықты. 27 мамыр күні Италия президенті Серджио Маттарелла жаңа үкіметті оның ішінде еуроскептик Паоло Савона болғандықтан қолдаудан бастартты. Осындай ел көрмеген иерархия конфликтісі кезінде, ол ел политикатрының арасында ел политктарының арасында бірінші президентке импичмент жасауды ұсынды.[40]

2021 жылдың ақпан айынан бастап Вашингтонда орналасқан көптеген қажігер, бизнесмен, саясаткерлерде қамтитын халықаралық талдау орталығынын[41][42] Aspen институтының мүшесі[43][44][45].

2022 жылғы парламенттік сайлау

Парламенттік сайлауға дайындалудың соңғы этапында Мелони Ресейге қатысты саясат өзгермейтінін, бірақ Драго үкіметінің министрлері жаңа кабинетке кірмейтіні туралы мәлімдеді[46].

Өте аз явка жинаған[47] 25 қыркүйек өткен сайлаулардың нәтижесі бойынша Мелони 3-інші Абруццо округінен(Орталығы Л’Акуила) 51,5 пайыз нәтижемен Италияның депутаттар палатасына қайта сайланды. Ол бастаған оңшылцентрист коалициясы депутаттар палатасына сайлауда 43,8% жинады(Оның Италия бауырластары партиясы 26% жинады). Бұл оған астынғы палатада толықтай көпшілдік берді(400-ден 235 орын)[48], ал сенатқа сайлаудан оның коалициясы 44% жинады(200-ден 112 орын)[49].

Италия премьер-министрі

Кабинет құрылуы

Мелони Матарелламен қызметке тұру рәсімінде

Ол және оның үкіметі 22 қазан күні ант берді[50][51][52]. Ант берген соң, Мелони заңды түрде Италия тарихындағы үкіметті басқаратын алғашқы әйел атанды[53][54][55]. Ол Еурокомиссия бастығы Урсула фон дер Ляйеннан және Еуропарламент спикері Роберта Метсоладан заңды түрде құтықтау алды. Ал Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Twitter-ына «Жоржа Мелониды оның үкіметі құрылуымен құттықтаймын! Бұл Еуропалық оңшылдар үшін ұлы күн» деген пост салды[56].

23 қазан күні Ватиканға келген Франция президенті Эммануэль Макронмен формалсыз келіссөздер жүргізді[57].

Мелони үкіметі ант беруде

25 қазан күні Мелони өзінің кабинетіне сенім вотумынан бұрын алғаш рет премьер-министр ретінде парламенттің алдында заңды мәлімдеме жасады[58][59].Мәлімдемесі кезінде Италия тарихындағы алғаш әйел премьер министр болудың маңыздылығын түсінетіні туралы айтып кетті[60]. Ол бірнеше әйелдерге рахмет айтып кетті, оның ішінде Тина Ансельми, Саманта Кристофоретти, Грация Делледа, Ориана Фаллачи, Нильде Йотти, Рита Леви-Монтальчини және Мария Монтессори болды. Оның айтуынша бұл адамдар оған баспалдақ құрып берді, және олардың арқасында ол премьер-министр атанып, әйнекті төбені бұзуда[61][62]. Оның үкіметі екі палатада компактты дауыстар санымен сенім вотумын алды[63][64][65].

Жеке өмірі

Мелонида өзінің жігітінен Жинерва атты баласы бар[66][67]. Оның жігіті Сильвио Берлускониға тиесілі Tgcom24 телеарнасында істейтін журналист.[68]

Сайлаулары

Сайлау жылыСайлау округіПартиясыДауыстарНәтиже
2006Депутаттар палатасыЛазио 1ҰАПартиялық тізіммен қатыстыСайланды
2008Депутаттар палатасыЛазио 2БХ–Партиялық тізіммен қатыстыСайланды
2013Депутаттар палатасыЛомбардия 3ИБПартиялық тізіммен қатыстыСайланды
2018Депутаттар палатасыЛазио 2 - ЛатиноИБ70,268Сайланды
2018Депутаттар палатасыАбруццо - Л'АкиллаИБ104,823Сайланды

Жинаған дауыстары

Мелони 2018-2022 жылдары парламенттік сайлауларда берілген дауыстар арқылы мажоритарлы системада жеңіске жетті.[69][70]

2018 жылғы Италиядағы парламент сайлауы (ДП): Латино, ЛазиоЛатина
КандидатКоалицияБерілген дауыстар%
Жоржа МелониОртақ оңшылдар коалициясы70,26841.0
Леон МартелуккиБес жұлдыз қозғалысы62,56336.5
Федерико ФауттиллиОртақ солшылдар коалициясы26,29315.3
Басқалар12,2697.2
Жалпы171,393100.0
2022 жылғы Италиядағы парламент сайлауы (ДП): Л'Акилло
КандидатКоалицияБерілген дауыстар%
Жоржа МелониОртақ оңшылдар коалициясы104,823
Рита ИнноценциОртақ солшылдар коалициясы42,63036.5
Аттилио Д'АндреаБес жұлдыз қозғалысы33,13216.3
Басқалар22,98811.3
Жалпы203,583100.0

Библиография

Тағыда қараңыз

  • Италиядағы консерватизм
  • Италиядағы ультраоңшыл политика

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

  • MELONI Giorgia - FDI  (итал.). Италия депутаттар палатасы. Тексерілді, 4 қыркүйек 2020.