Жюст Фонтен

Жюст Фонтен (фр. Just Fontaine; 18 тамыз, 1933 жыл, Марракеш, Марокко) — франциялық футболшы, шабуылшы. 50-жылдардың екінші жартысында Франция Ұлттық футбол құрамасының шабуыл шебінде ойнаған. Жекелеген әлем чемпионатында гол соғудан рекорд орнатқан футболшы. 1958 жылғы әлем біріншілігінде 13 гол енгізген.

Жюст Фонтен Футбол
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Жюсто

Туған күні

18 тамыз 1933 (1933-08-18) (90 жас)

Туған жері

Марракеш, Марокко

Қайтыс болған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Азаматтығы

 Франция

Бойы

174

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтаған

Жастар клубы
Марокко Марракеш
Клуб карьерасы[* 1]
1950—1953Марокко Касабланка? (?)
1953—1956Франция Ницца69 (43)
1956—1962Франция Реймс131 (122)
1953—1962Барлығы200 (165)
Ұлттық құрамы[* 2]
1953—1960 Франция21 (30)
Бапкерлік карьерасы
1967 Франция
1968—1969Франция Баньер-де-Люшон
1973—1976Франция Пари Сен-Жермен
1978—1979Франция Тулуза
1979—1981 Марокко

Өмірбаяны

Әкесі Нормандиялық француз, анасы испан[1].Карьерасын өзінің туған қаласы Марракештегі әуесқой клубтан бастады. Кейін елдегі танымал клубтардың бірі "УСМ Касабланкаға" ауысты. 1953 жылы ФРанцияға келді де, "Ницца" клубында өнер көрсетті. Фонтен келген маусымда команда Франция кубогын ұтып алды. 1956 жылы Франция чемпионатында топ жарды. Сол жылы "Реймске" командадан кеткен тағы бір француз танымал футбошысы Раймон Копаның орнына барды. 1958, 1960, 1962 жылдары Франция чемпионы атанды.

Франция құрамасының сапында алғаш рет 1953 жылы 17 желтоқсанда Люксембургке қарсы ойында алаңға шықты. Бұл матчта Фонтен хет-трик жасап, француздар 8:0 есебімен жеңіске жетті. Оның жұлдызы 1958 жылғы әлем чемпионатында жарқырап, 13 гол соқты. Құрама жартылай финалға дейін жетіп, Бразилиядан 2:5 есебімен ұтылып қалды. Үшінші орын үшін ойында Франция ГФР футбошыларын 6:3 есебімен ұтып, қола жүлдені иеленді. Бұл матчта Фонтен 4 гол соқты.

1960 жылы 11 қазанда құрама сапында соңғы рет алаңға шықты. Бұл ойында Франция 3:0 есебімен Болгарияны ұтты.

Футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бапкерлікпен айналысты. 1967 жылы Франция құрамасын жаттықтырды, бірақ екі матч қана өткізді. Кейін 80-жылдары Марокко құрамасына да бапкер болды.

Жетістіктері

Командалық

  • Франция чемпионы (4): 1956, 1958, 1960, 1962
  • Франция кубогы (2): 1954, 1958
  • УЕФА Чемпиондар Кубогының финалисі: 1959
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1958

Жеке

  • Франция чемпионатының үздік мергені (2): 1958, 1960
  • УЕФА Чемпиондар Кубогының үздік мергені: 1959
  • Әлем чемпионатының үздік мергені: 1958
  • Бір чемпионатта гол согудың рекордшысы: 13 гол
  • Франция құрамасының әлем чемпионаттарындағы мергені: 13 гол
  • ФИФА 100 тізіміне енген
  • Құрмет орденінің иегері

Дереккөздер

Сілтемелер