Пари Сен-Жермен

Пари Сен-Жермен (ПСЖ) (фр. Paris Saint-Germain) — Францияның Париждегі кәсіпқой футбол клубы. Франция чемпионатының он дүркін жеңімпазы, Франция кубогының он төрт дүркін иегері.

Франция Пари Сен-Жермен
Толық атауы

Paris Saint-Germain Football Club

Лақап аттары

Қызылды-көктер (фр. Les Rouge-ET-Bleu)
Париждіктер (фр. Les Parisiens)

Құрылған жылы

12 тамыз 1970; 53 жыл бұрын (1970-08-12)

Стадионы

Парк де Пренс

Сыйымдылығы

47 929

Иесі

Қатар Qatar Sports Investments

Президенті

Қатар Нассер Әл-Хелаифи

Бас жаттықтырушы

Франция Кристоф Гальтье

Капитаны

Бразилия Маркиньос

Рейтингі

УЕФА рейтингінде 6-орын[1]

Сайты

psg.fr

Жарыс

1 лига

2021/22

Жеңімпаз

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
Ағымдағы маусым

Тарихы

ХХ ғасырда

1970/71 жылғы маусым басында "Париж" және жаңадан құрылған "Пари Сен-Жермен" клубы біріктіріліп, жарысты Францияның екінші дивизионынан бастады. Сол маусымда-ақ жоғары дивизионға жолдама алды. 1971-72 жылғы маусымның соңына қарай қаржы тапшылығынан команда қайтадан екіге бөлінуге мәжбүр болды. "Париж" жоғары топта қалды да, "Пари Сен-Жермен" әуесқой клубтың бірі ғана боп қалды. Тіпті үшінші дивизионға да түсіп кетті. Бірақ көп ұзамай жоғары дивизионға қайта оралды да, содан қайтадан төменге түскен жоқ.

Алғашқы жүлдесін 1981 жылы жеңіп алды: Франция кубогын иеленді. Осы қарқынмен күшейе отырып, 1985-86 маусымда бірінші рет Франция чемпионы атанды.

ХХІ ғасырда

2011 жылы клубтың 70 пайыз акциясын Qatar Sports Investments сатып алды. Екі-үш жылдың ішінде клубқа Жереми Менез, Блез Матюиди, Мохаммед Сиссоко, Хавьер Пасторе, Максвелл, Алекс Коста, Тиаго Мотта, Златан Ибрагимович, Тиаго Силва, Эсекьель Лавесси, Марко Верратти, Лукас Моура, Дэвид Бекхэм секілді футболшылар келді де, клуб Франция чемпионатында өзгелерден оқшауланып, алға шығып кетті. 2012/13 жылғы маусымда команда мерзімінен әлдеқайда бұрын чемпион атанды. УЕФА чемпиондар Лигасының ширек финалына шықты.

2016 жылы клуб тізгінін Унаи Эмери ұстады. 2016/17 жылғы маусымда клуб чемпион атана алмады, Чемпиондар Лигасында "Барселонадан" 1/8 финалда ұтылды. Өз алаңында 4:0 есебімен ойсыратқанымен, сырт алаңда соңғы минуттарда үш бірдей гол жіберіп алып, 1:6 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.

2017 жылы жазда клубқа Неймар, Килиан Мбаппе, Дани Алвес секілді жұлдыздар келді. Бірақ олар да Чемпиондар Лигасын ұтуға көмектесе алмады, 2017/18 жылы Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Реалдан" жеңіліс тапты (1:3, 1:2). Осы маусымнан соң ПСЖ Франция чемпионы атанғанына қарамастан, Унаи Эмери бапкерліктен кетті. Оның орнына Томас Тухель келді.

2019/20 жылғы маусымда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының финалына шықты, бірақ "Бавариядан" 0:1 есебімен жеңілді. Есесіне тоғызыншы рет Франция чемпионы атанды.

2020 жылдың соңында Томас Тухель бапкерліктен кетіп, Маурисио Почеттино келді.

Жетістіктері

Халықаралық

  • Кубок иелері кубогы - 1996
  • УЕФА суперкубогы - 1996
  • Интертото кубогы - 2001

Ұлттық

  • Жеңімпаз (10): 1985/86, 1993/94, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22
  • Күміс жүлдегер (9): 1988/89, 1992/93, 1995/96, 1996/97, 1999/00, 2003/04, 2011/12, 2016/17, 2020/21
  • Қола жүлдегер (3): 1982/83, 1991/92, 1994/95
  • Франция кубогы (14, рекорд): 1981/82, 1982/83, 1992/93, 1994/95, 1997/98, 2003/04, 2005/06, 2009/10, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2019/20, 2020/21
  • Франция суперкубогы (11, рекорд): 1995, 1998, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, 2022

Жейделері

1970–1973
1973–1981
1981–1990
1990–2001
2001–2007
2007–2014

Құрамы

2020/2021

ҚақпашыларТуған күніАзаматтығы
1Кейлор Навас15.12.1986Коста-Рика
16Серхио Рико01.09.1993Испания
40Гариссон Инносан16.04.2000Франция
50Джанлуиджи Донарумма25.02.1999Италия
ҚорғаушыларТуған күніАзаматтығы
2Ашраф Хакими4.11.1998Марокко
3Преснель Кимпембе13.08.1995Франция
4Серхио Рамос30.03.1986Испания
24Тило Керер21.09.1996Германия
5Маркиньос14.05.1994Бразилия
14Хуан Бернат01.03.1993Испания
20Лайвен Кюрзава04.09.1992Франция
22Абду Диалло04.05.1996Франция
25Митчелл Баккер20.06.2000Нидерланд
31Колин Дагба09.09.1998Франция
32Тимоте Пембеле09.09.2002Франция
Жартылай қорғаушыларТуған күніАзаматтығы
6Марко Верратти05.11.1992Италия
8Леандро Паредес29.06.1994Аргентина
12Рафинья12.02.1993Испания
15Данилу Перейра09.09.1991Португалия
18Джорджиньо Вейналдум11.11.1990Нидерланд
21Андер Эррера14.08.1989Испания
23Юлиан Дракслер20.09.1993Германия
27Идрисса Гуэй26.09.1989Сенегал
36Кайс Руис-Атиль26.08.2002Марокко
ШабуылшыларТуған күніАзаматтығы
7Килиан Мбаппе20.12.1998Франция
9Мауро Икарди19.02.1993Аргентина
10Неймар05.02.1992Бразилия
11Анхель Ди Мария14.02.1988Аргентина
19Пабло Сарабия11.05.1992Испания
30Лионель Месси24.06.1987Аргентина

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Paris Saint-Germain Football Club