Зярай

Зярай (вьетн. Gia Rai) — тхыонг тобына жататын, негізінен Вьетнам аумағында тұратын халық.[1][2] Жалпы саны 386 мың адам, оның 364 мыңы Вьетнамда тұрады (2010 ж.). Олар келесі субэтникалық топтарды қамтиды: тер (фун), арап, тхуан, хдрунг, мтхур.[3] Зярай - Вьетнамда тұратын 54 ұлттың азшылықтың бірі.

вьетн. Gia Rai
Зярай
Ең көп таралған аймақтар
 Вьетнам

364 000

 Камбоджа

20 000

Тілдері

Зярай тілі

Діні

католицизм, протестантизм, анимизм

Тілі

Зярай (джарай) тілі австронезиялық тілдер семьясының малай-полинезиялық тармағының тям тілдеріне жатады.[4]

Діні

Олар христиандықты (католицизм мен протестантизмді) ұстанады, дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанушылар (анимизм және аграрлық культтер) да бар.[5]

Кәсібі

Зярайдың өмірі екі кезеңге бөлінеді. Олар он ай күріш алқабында жұмыс істейді, картоп, жүгері, басқа да дақылдар, маниок, темекі өсіреді, ал екі ай бойы үйлерін салып, жөндейді, қыш бұйымдар жасайды, қоржын тоқиды, үлкен ағашты құлатып каноэ жасайды. Анда-санда ер адамдар аңға шығып, әдетте, бұғы немесе бөкен әкеледі.[6]

Өмір салты

Зярайлардың дәстүрлі бамбук себеті

Олар тотемдік атаулары бар матрилиндік руларға бөлінді, отбасы шағын отбасы, неке матрилокалды.

Ауылдары бірнеше қадалы үйлерден тұрады (бұрын - ұзын болған).

Ерлер жамбасты жауып тұратын белдемше тәрізді жабынды маталар, әйелдер жиегі кестеленген ұзын белдемше киеді. Күмістен, мыстан, гүлдерден жасалған спираль тәрізді білезіктер, моншақтар пайдаланады.

Дәстүрлі тағамның негізі – көкөніс (күріш, жүгері, тамыр дақылдары) және балық түрлері.[7]

Дереккөздер

}