Индустриализация

Анықтама

Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.

Индустриалды демократия

жалдамалы жұмысшылардың еңбекті ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауға қатысуы. Процесс толық немесе меншік пен басқару мүдделерінен бөлек, ал шешім қабылдау жалпы ұйымға немесе оның ішіндегі шағын топтарға тән болуы мүмкін. Негізгі типтері: жұмысшы өзін-өзі басқару.

Индустриалды әлеуметтану

еңбекті ақылы жұмыспен қамтылу, сондай-ақ, өндіріс ретінде қарастыру. Бұл шағын пәннің негізгі қызығушылығы: еңбек бөлінісі - әлеуметтік және техникалық; жұмыс тәжірибесі; өндірістегі технологиялардың рөлі мен салдары; индустриалды демократия жәие индустриалды қатынастар.

Индустриалды қоғам

индустриализация және модернизация жүзеге асырылған қоғам түрі немесе белгілі бір қоғам.

Индустриалды қатынacтap

жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы қатынастар, осы қатынастарды зерттеу.

Индустриалды қарама-қайшылық

жалдау қатынастары нәтижесіндегі ашық және жабық қақтығыстар, көптеген түрде болады - ереуілдер мен локауттардан уақыттан айрылуға дейін.

[1]

Дереккөздер