Киото университеті
Киото университеті - Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі.[2] Ертеректе императорлық университеттердің қатарына кірген. Жапон елінде Токио университетінен кейінгі ең ескі университеттің бірі болып есептеледі. Киото университетінде шамамен 22 мың студент білім алады. Университет құрамында 10 факультет, 15 жоғары мектеп, 12 зерттеу институты және 21 ғылыми орталық бар. Kyoto University – әлем универсиеттері арасында «Global universities ranking» рейтингісі бойынша 11-орында болса, «Times Higher Education-QS World University Rankings» рейтингісінде 25-орынды иеленді.
Киото университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Шынайы аты | жапон. 京都大学 |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1897 |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Киото, Жапония |
Әкімшілік | |
Президенті | Хироси Мацумото |
Негізгі көрсеткіштер | |
Студенттер | 22 707 [1] |
Сайты | http://www.kyoto-u.ac.jp/en |
өңдеу |
Қазіргі таңда Киото университетінің 5 түлегі Нобель сыйлығы лауреаттары.
Жалпы анықтама
Мамандықтар
- Политология
- Юриспруденция
- Биоинженерлік
- Құрылыс
- Электроника және микроэлектроника
- Қаржы.[3]
Программалар
- Магистратура,
- Ғылым докторы
- Бакалавриат,
- Машықтану
- Тіл үйрену курстары.
Қабылдау мерзімі
Қабылдау мерзімі ақпан-наурыз айларында басталады.
Дайындық курстары
Киото университетінде талапкерлерге дайындық курстары қарастырылмаған. Жапон тілі курстары тек ЖОО студенттеріне немесе ауысу программалары бойынша келгендерге ғана болады.
Оқу құны
- Бакалавриат – 6430$, емтиханы бағасы – 204$.
- Магистратура – 6430$, емтихан бағасы – 360$.
- Құқық мектебі - 9650$, емтихан бағасы - 360$.