Клинт Демпси

Клинтон Дрю «Клинт» Демпси (ағылш. Clinton Drew «Clint» Dempsey; 9 наурыз 1983, Накодочес, Техас) — АҚШ футболшысы, АҚШ Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Клинт Демпси Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Клинтон Дрю Демпси

Лақап аттары

Deuce (екілік)

Туған күні

9 наурыз 1983 (1983-03-09) (41 жас)

Туған жері

Накодочес, Техас, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Бойы

187[1]

Салмағы

84

Позиция

шабуылшы, жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

АҚШ Сиэтл Саундерс

Номері

2

Жастар клубы
1998—2001АҚШ Даллас Тексанс
2001—2003АҚШ Фурман Паладинс
Клуб карьерасы[* 1]
2004—2007АҚШНью-Инглэнд Революшн71 (25)
2007—2012Англия Фулхэм184 (50)
2012—2013Англия Тоттенхэм Хотспур29 (7)
2013—2018АҚШ Сиэтл Саундерс116 (52)
2014 Англия Фулхэм5 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2002—2003АҚШ АҚШ-2013 (1)
2004— АҚШ141 (57)

Биографиясы

Үш бірдей әлем чемпионатында гол соққан жалғыз АҚШ футболшысы. Үш доптың екеуін Гана құрамасының қақпасына енгізді (2006, 2014). 2014 жылы Гана құрамасының қақпасына 29-секундта гол соғып, әлем чемпионаттарында жылдам гол соғушылардың арасында бесінші орынға көтерілді.

Конкакаф Алтын кубогының үш дүркін чемпионы: 2005, 2007, 2017. 2006 жылы АҚШ құрамасының үздік футболшысы атанды.

Футболдан бөлек Хип-хоп жанрының өнерпазы, "Deuce" (Екілік) деген лақап атпен АҚШ-қа танымал. Бейнебаяндары, альбомдары бар.

Жетістіктері

Командалық

Сиэтл Саундерс

  • АҚШ ашық кубогы: 2014
  • MLS кубогы: 2016

АҚШ құрамасы

  • КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы: 2005. 2007. 2017

Жеке

  • АҚШ-тағы жыл футболшысы (3): 2007, 2011, 2012
  • КОНКАКАФ алтын кубогының мерген футболшысы: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер