Краудфандинг

Киноға жылу жинау, немесе краудфандинг

Краудфандинг (ағылшын тілінен аударғанда: халықтық қаржыландыру) – Интернет арқылы белгілі бір жобаға халықтың, көпшіліктің қаржы жинап беруі. Бұндай қолдау түрлі мақсаттарға арналуы мүмкін: табиғат апаттарынан зардап шеккендерге көмек, спорт командасына жанкүйерлерінің көрсеткен қолдауы, түрлі саяси кампанияларға қолдау білдіру, стартап-компанияларды немесе кіші бизнесті қаржыландыру, т.б.

Тарихы

Краудфандинг кино саласында да кеңінен қолданыла бастады. Халықтық қолдаудың бұндай түрі киноиндустрияда 2002 жылдан бастау алады. Эрик Бауман деген кәсіпкер FilmVenture.com сайтын ашып, көрермендердің есебінен кино түсіру идеясын іске асыра бастады.Жылу жинау әрине жобаның болашағы үшін жақсы қолдау бола алады. Кейбір режиссерлер тіпті фильмге қажет соманы артығымен де жинап жатқан сәттер кездеседі.

Краудфандинг қолданылған туындылар

Мысалы америкалық "Вероника Марс" ("Veronica Mars") телесериалының толықметражды нұсқасы түсіріледі деп айтылғалы бері фанаттар бері серпіліп қалғандай еді. Бірақ жобаны іске асыруға қаржы табылмады. Сол кезде Kickstarter сайты арқылы көрермендер жылу жинап, фильм үшін 5,7 миллион доллар жинап берген. Ал негізінде өндіріске бар болғаны 2 миллион доллардай қажет деп мәлімделген еді.


Халықтың құйған инвестициясы әрине жақсы. Бірақ көрермен үшін бұдан қандай пайда деген сұрақ туындайды. Краудфандингтің қарапайым көрермен үшін келесі тиімді жақтарын атауға болады:- Ұнатқан жобаңыздың жарық көруіне тікелей атсалысу. Мысалы сіз және идеялас достарыңыз Желтоқсан оқиғасы туралы көркем фильм шыққанын қалайсыз делік. Бірақ режиссер мен продюсер жобаны іске асыруға қаржыландыру жоқ екенін айтады. Дәл осы кезде халықтың көмегі қажет болады. Арнайы жылу жинайтын Интернет-ресурстарға барып, жобаны тіркеп көпшіліктен көмек сұрайсыз. Әрине бұл әрекеттердің барлығы бекітілген түсіру тобымен келісе отырып атқарылады.- Сіз киноға түскіңіз келеді немесе түсіру тобына көмектесіп, кино өндірудің қыр-сырын өз көзіңізбен көргіңіз келеді. Дәл осы кезде бір фильмге қаржы жинау үшін режиссер көмек сұрады делік. Осындайда сіз өз арманыңызды іске асыра аласыз. Режиссер бұндай жағдайда әдетте акционерлерге, яғни қаржымен көмектесетін көрермендерге ақы орнына немесе алғыстың белгісі ретінде эпизодтық рөлдер ұсынады немесе түсірілім жұмыстарына қатысуға рұқсат береді, сондай-ақ фильмнің ақырғы титрына қолдау білдіргендердің аты-жөндерін енгізеді.

Тақырып аясында Қазақстанға тікелей қатысы екі жобаны атап өтпеске болмайды. Ресейде 28 батырдың ерлігіне арналған «Двадцать восемь панфиловцев» фильмі дайындалуда. Өндірісті толықтай дерлік халықтың қаржысына жүргізу көзделген. Қазір Boomstarter сайты арқылы қажетті 60 миллион рубльдің 23 миллионнан астам бөлігі жиналған.

Сыртқы сілтемелер

http://crowdsourcing.ru/cat/6 Мұрағатталған 1 ақпанның 2015 жылы.