Македондықтар
Үлгі:Infobox Ethnic groupМакедондықтар (өз атаулары — македонци) — Македонияның негізгі тұрғындары. Македониядағы Македондықтар саны — 1,5 млн. (1990 ж.). Сондай-ақ
- Грекияда (150 мың)
- Сербия мен Черногорияда (46 мың)
- Албанияда (15 мың)
- АҚШ-та (30 мың)
- Австралияда (115 мың) Македондықтар тұрады.
Еуропеид нәсілдің балқан-кавказ тобына жатады. Славян тілдері шоғырының оңтүстік тобына енетін македон тілінде сөйлейді. Діни сенімдері бойынша христиан-православтар, шағын бөлігі — мұсылмандар (торбештер). Тарихи даму барысында Македония аумағындағы елдің этностық құрамы өзгеріп отырды; қ. Македония. Дәстүрлі кәсіптері — ауыл шаруашылығы (дәнді дақылдар, темекі, мақта өсіру), бау-бақша, жүзім және таулы жерлерде мал (негізінен, қой) өсіру. Ағаш ою, зергерлік, құрылыс ісі, қыш құмыралар жасау өнері жақсы дамыған. Дәстүрлі тұрғын үйлерінің қаңқасы ағаштан немесе саз балшықтан тұрғызылып, малға арналған жайлар аласа қабырғалармен бөлінген. Әйелдер ою-өрнекпен мол кестеленген тік жағалы, ұзын, кең көйлек киеді. Көйлек сыртынан қысқа немесе жартылай ұзын кеудешелер мен күртешелер киіп, алжапқыш пен түрлі-түсті тоқыма белбеу тағады. Бастарына орамал тартып, феска тәріздес тақия киеді. Ер адамдар кестеленген көйлек-шалбар, шұғадан немесе теріден тігілген күртеше киіп, ашық түсті тоқыма белбеу тартады. Әйелдер де, ерлер де аяқтарына жұқа былғары аяқ киімдер — опанкилер киеді. Македондықтартардың дәстүрлі қоғамдық тұрмысына ақсақалдар кеңесі мен ауылдық жиналыс басқаратын ауылдық қауымдар тән.
- Georgi Pulevski
- TheodosiusTheodosius
- Goce Delchev
- Krste Petkov Misirkov
- Dimitrija Čupovski
- Dimitar Vlahov
- Čede Filipovski Dame
- Kočo Racin
- Metodija Andonov
- Lazar Koliševski
- Boris Trajkovski
- Branko Crvenkovski
- Blagoj Nacoski
- Darko Dimitrov
- Ed Jovanovski
- Elena Risteska
- Goran Pandev
- José Théodore
- Kaliopi
- Karolina Gočeva
- Katarina Ivanovska
- Kevin Kouzmanoff
- Kiril Lazarov
- Pasko Kuzman
- Peter Daicos
- Steven Stamkos
- Toše Proeski
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Народы мира, историко-этнографический справочник, М., 1988.
Дереккөздер
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |