Махайрод

Махайрод, [мachaіrodus; грек. machaіra — қылыш, семсер және odus (odentos) тіс], қылыш тісті жолбарыс – мысық тұқымдасының жойылып кеткен бір туысы, жыртқыш аң. Неоген дәуірінде, бұдан 3 – 20 млн. жылдар бұрын Батыс Еуропа, Азия, Африкада тіршілік еткен. Алғаш оның сүйектері Германия жерінде табылған. Дене мөлшері ірі жолбарыстай. Үстіңгі сойдақ тістері ұзын, сорайып шығып тұрған, қылыш тәрізді қырлары өткір болған, аты осыған байланысты қойылған. Алдыңғы екі жақ тістері болған, ол жағының қысқалығын көрсетеді. Махайродтар сол кездерде тіршілік еткен жануарлардың ең ірісі мастодонтқа дейін шабуыл жасаған. Оның сүйектері Қазақстанда Асқазансор қазба фаунасында және Павлодар, Қарабастұз, Қалмақпай палеонтол. қазба орындарынан табылған. Б. Байшашов

Махайрод

[1]

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер



🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм