Мемлекеттік хатшы

Мемлекеттік хатшымемлекеттік дәрежедегі лауазымды тұлға.[1]

Ұлыбританияда қорғаныс істері, ішкі істер және Шотландия істері жөніндегі мемлекеттік хатшы лауазымы бар. Бельгияда мемлекеттік хатшы премьер-министрдің орынбасары болып саналады. Ал АҚШ-та мемлекеттік хатшы конституция бойынша кеңесші орган болып саналғанымен, іс жүзінде сыртқы істер министрінің қызметін атқаратын сыртқы саясат басқармасы – мемлекеттік департаментті басқарады.

Қазақстанда мемлекеттік хатшы лауазымы Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жоғары лауазымдардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қызмет атқарады.[2][3]

Сілтемелер

Дереккөздер