Месси-Роналду қарсыластығы

Месси-Роналду қарсыластығы әлемдегі танымал қарсыластардың бірі. Бұл Аргентина және Португалия футболшылары Леонель Месси мен Криштиану Роналду қарсыластығы.

Криштиану Роналду мен Леонель Месси 2011 жылы 9 ақпанда Женевада Аргентина мен Португалия матчының алдында

Өмірбаяндары

Лионель Месси

Толық мақаласы: Лионель Месси

Лионель Андрес Месси (ис. Lionel Andrés Messi) — Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы.

Месси 1987 жылы 24 маусымда Росариода дүниеге келген. Әкесі – Хорхе Месси, анасы – Силия Месси (қыз кезіндегі тегі – Кусситини). Оның атасы Анджело Месси 1883 жылы Италияның Анкона қаласынан Аргентинаға көшеді.

Оның Родриго мен Матиас атты екі ағасы жене Мария Соль атты апасы бар. Месси футболды өз әкесінің Грандоли клубында 5 жасынан ойнай бастайды. 1995 жылы Месси «Ньюэллз Олд Бойз» командасына көшеді. 11 жасында Лионельге соматотропин (өсу гармоны ) жетіспеушілігі диагнозы қойылады.«Ривер Плейт» командасы оған қызығушылық көрсеткенімен, оның емдеуіне жеткілікті қаражат таппады. «Барселонаның» спорттық директоры Карлес Рексач Мессиді 13 жасында байқаған соң жас дарын оған қатты әсер етеді. Сондықтан ол клуб басшылығынан, Мессиді және оның отбасын Испанияға көшіріп әкелуі мен сырқатын емдеуге, қаражат бөлетін келісіміне қол жеткізді. Содан бері Месси «Барселонаның» жасөспірімдер құрамында ойнай бастайды.

Криштиану Роналду

Толық мақаласы: Криштиану Роналду

Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру (португалша Cristiano Ronaldo dos Santos Aveiro, 5 ақпан, 1985 жыл) - Криштиану Роналду атымен танылған португалиялық футболшы. Португалия құрама командасында капитан ретінде және Реал Мадрид клубында жартылай қорғаушы, шабуылшы ретінде өнер көрсетеді. Манчестер Юнайтед клубынан Реал Мадридқа өту үшін 83 млн. артық фунт стерлинг төленгенде футбол тарихындағы ең қымбат футболшы атанған еді. Одан тысқары, келісім-шарт бойынша, Реал Мадрид клубы Роналдуға жылына 12 млн. еуро жалақы төлейді. 2010 жылы Жозе Моуринью: «Мен — ең үздік жаттықтырушылардың бірімін, ал Роналду әлемнің ең мықты футболшысы». 2012 жылы Диего Марадона Роналдуны "әлемдегі ең мықты футболшы" деп атады.

Жетістіктері

Криштиану Роналду 15 қаңтарда Алтын добын Сантьяго Бернабеу аланында көрсетуі

Жыл ойыншысы

Жыл1 орын2 орын3 орын
2007 Кака Лионель Месси Криштиану Роналду
2008 Криштиану Роналду Лионель Месси Фернандо Торрес
2009 Лионель Месси Криштиану Роналду Хави

ФИФА Алтын добы

ЖылОрынОйыншыМемлекетКлубҰпай үлесі
2010
1-шіЛионель Месси Аргентина Барселона22,65 %
2-шіАндрес Иньеста Испания Барселона17,36%
3-шіХави Испания Барселона16,48%
2011
1-шіЛионель Месси Аргентина Барселона44,78 %
2-шіКриштиану Роналду Португалия Реал Мадрид21,60 %
3-шіХави Испания Барселона9,23 %
2012
1-шіЛионель Месси Аргентина Барселона41,6 %
2-шіКриштиану Роналду Португалия Реал Мадрид23,68%
3-шіАндрес Иньеста Испания Барселона10,91%
2013
1-шіКриштиану Роналду Португалия Реал Мадрид27,99 %
2-шіЛионель Месси Аргентина Барселона24,72 %
3-шіФранк Рибери Франция Бавария23,39 %
2014
1-шіКриштиану Роналду Португалия Реал Мадрид27,99 %
2-шіЛионель Месси Аргентина Барселона24,72 %
3-шіМануэль Нойер Германия Бавария23,39 %
2015
1-шіЛионель Месси Аргентина Барселона41,33 %
2-шіКриштиану Роналду Португалия Реал Мадрид27,76%
3-шіНеймар Бразилия Барселона7,86%

Алтын бутсы

МаусымОйыншыКлубГол
2007/08 Криштиану Роналду Манчестер Юнайтед31
2009/10 Лионель Месси Барселона34
2010/11 Криштиану Роналду Реал Мадрид40
2011/12 Лионель Месси Барселона50
2012/13 Лионель Месси Барселона46
2013/14 Криштиану Роналду Реал Мадрид31
Луис Суарес Барселона31
2014/15 Криштиану Роналду Реал Мадрид48