Луис Суарес

Луис Альберто Суарес Диас (ис. Luis Alberto Suárez Díaz; 1987 жылы 24 қаңтарда туған, Сальто, Уругвай) — уругвайлық футболшы, "Насьональ" клубы мен Уругвай құрамасының шабуылшысы.

Луис Суарес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Луис Альберто Суарес Диас

Лақап аттары

El Pistolero (Атқыш)

Туған күні

24 қаңтар 1987 (1987-01-24) (37 жас)

Туған жері

Сальто, Уругвай

Азаматтығы

 Уругвай

Бойы

182 см[1]

Салмағы

86 кг[1]

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Уругвай Насьональ

Номері

9

Жастар клубы
1991—1994Уругвай Депортиво Артигас
1994—2000Уругвай Уррета
1998—2005Уругвай Насьональ
Клуб карьерасы[* 1]
2005—2006Уругвай Насьональ27 (10)
2006—2007Нидерланд Гронинген29 (10)
2007—2011Нидерланд Аякс110 (81)
2011—2014Англия Ливерпуль110 (69)
2014—2020Испания Барселона191 (147)
2020—2022Испания Атлетико Мадрид67 (32)
2022—Уругвай Насьональ0 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2006—2007Уругвай Уругвай U204 (2)
2012Уругвай Уругвай U234 (3)
2007— Уругвай132 (68)
Марапаттары мен медальдары
Америка кубогы
АлтынАргентина 2011

19 жасында Суарес Голандияда Эредивизиде ойнайтын «Гронинген» клубына ауысты. 2007 жылы «Аякс» командасында өнер көрсетті. 2008/09 маусымдарында өз командасында жыл ойыншысы деп танылды. Келесі жылғы маусымда Суарес аталмыш команданың капитаны болды, сол командада 33 матч өткізіп 35 гол соғып, ол Нидерландияда жыл ойыншысы екенін Эредивизи мойындады. 2010/11 маусымда Суарес өз командасына 100 деген гол сыйлап, Йохан Кройф, Марко ван Бастен және Деннис Бергкамп үздіктер қатарына қосылды.

2011 жылдың қаңтарында Суарес "Ливерпуль" құрама-командасына ауысты. Оны 26,5 млн € (22,8 млн £)-ға сатып алды.Сол маусымда артта қалған "Ливерпуль" командасына Суарес 12 орыннан 6 орынға көтерілуге көмектесті. 2012 жылы ақпанда Суарес Лига Кубок финалында "Қызылдар" құрамында өнер көрсетіп, өзінің алғашқы олжасын қанжығасына байлады.

Карьерасы

Клубтық

2003 жылы Суаресті мемлекеттегі 2 атақты клубтың бірі - «Насьональ» клубының қатарына алды. Осы клубтың Суарес негізгі құрамда ойнады. 2005/2006 жылғы маусымда Суарес 29 ойын өткізіп, 12 гол соқты, осы голдар оған чемпион атағын алуға көмектесті.

2006 жылы Суарес 800 мың еуроға Голландия елінің "Гронинген" құрама-командасына ауысты. Ол осы командада 29 ойын өткізіп, 10 гол соқты.

2007 жылы Суарес 7,5 млн еуро сатылып, "Аякс" командасына ауысты. Ол бұл командада 2011 жылға дейін өнер көрсетті.

2007 жылдан бастап, Суарес Уругвай мемлекетінің құрамасына қабылданды.

"Аякста" 1 маусымда 33 кездесу өткізіп, 17 гол соқты. 2008/09 маусымда 31 кездесу өткізіп, 22 гол салды (үздік бомбардир атанды).

2011 жылы 28 қаңтарда «Аякс», «Ливерпульмен» келісімге отырып, Суаресті сатып алғаны жарияланды, Суарес 26,5 миллион еуроға ауысты. Суареске "Ливерпульда" 7-ші нөмірді берді.

"Ливерпуль" командасында Суарес бірінші голын «Сток Сити» командасына соқты. 2011 жылы 6 наурызда Суарес "Ливерпульға" «Манчестер Юнайтедті» жеңуге көп көмегін тигізді (3:1). 20 наурызда «Сандерлендом» командасымен болған кездесуде, Суарес соңғы минуттарда эффектті гол соғып "Қызылдарға" жеңіс сыйлады. Наурыз айының соңына қарай Суарес "Ливерпульдағы" мықты ойыншы атанды.

2013 жылы 21 сәуірде «Ливерпуль» және «Челси» арасындағы кездесу де, кездесу аяқталуына 7 минут қалған Суарес гол соғып, есепті теңестіріп (2:2), тең ойын жасады.

2014 жылы Суарес "Ливерпульдағы" жалақысы ең көп футболшы болды, оның жалақысы 200 мың фунтты құрады. Оның құқығы бойынша ол басқа елдерге сатылса 100 млн фунтты құрады, ал англия елінде ол 130 млн фунтты құрады.

2014 жылы 1 қаңтарда 15-кездесудегі 20 голын соғып, Англия-Премьер лигасында чемпионат рекордын орнатты.

Суарес жаттығуда

2014 жылы 14 шілдеде Суарестің "Барселонаға" көшкені белгілі болды. "Барселонамен" келісім шарты 5 жылды құрайды. Бұл ойыншының бағасы 70 млн еуро болды. Луис Суарес Месси, Неймар үштігімен көптеген гол соғып жүлделер ұтты. Барселонаның басты Мессиден кейінгі лидері болды. Барселона тарихында бомбардилер арасыңда үшінші орынға жайғасты. Барселона да жүріп жеке жүлделер көптеп ұтты. 2020 жылы Барселона Луис Суареспен келісім шартты бұзды. Содан кейін еркін агент атанған Суарес «Атлетико Мадрид» сапына қосылды.

2020 жылы қыркүйекте "Атлетико Мадридке" ауысты. Луис Суарес Атлетико Мадрид сапында 30 аса гол соқты. Луис Суарес 2020/21 жылғы Испания біріншілігінде Атлетико Мадридтің чемпион болуына үлкен себепкер болды. 2022 жылы клубпен болған 2 жылдық келісім шарт аяқталып, Луис Суарес еркін агент болып «Атлетико Мадрид» сапынан кетті.

2022 жылы карьерасын бастаған «Насьональ» клубына оралды. Клубпен 6 айлық келісімшарт жасасты, тағы 2023 жылға дейін ұзартуға мүмкіндігі бар.

Жеке өмірі

Суарес отбасындағы 4 дүниеге келген бала. Олар 7 ағайынды болған.

2009 жылы Суарес бала кездегі ғашығы Софье Бальбиге үйленді. 2010 жылы 5 тамызда өмірге Дельфина деген қызы келді. 2013 жылы 26 тамызда Софья дүниеге Бенхамин атты ұлды алып келді. Суарес баласының туылғаның «Сандерлендті» жеңіп, соғылған голдан кейін атап өтті.

Жетістіктері

Командалық

Насьональ
Аякс
Ливерпуль
  • Лига кубогы: 2011/12
Барселона
Атлетико Мадрид
  • Испания чемпионы: 2020/21
Уругвай құрамасы

Жеке

  • Уругвай құрамасының үздік мергені: 68 гол
  • Америка кубогының үздік футболшысы: 2011
  • Уругвай құрамасының үздік футболшысы (4): 2010, 2011, 2012, 2016
  • Нидерланд чемпионатының үздік мергені: 2009/10

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер