Мисурата

Мисурата қаласы (Ливия) – Ливиядағы ірі қалалардың бірі [1].

Көлемі бойынша елдегі үшінші қала. Халық саны 259 056 адам (2010 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың қашан пайда болғаны жайында үш түрлі нұсқа бар: біріншісі – 3000 жыл бұрын финикийліктер қалаған, екіншісі – римдіктер, ал үшінші нұсқа бойынша – қаланы 7 ғасырда Ислам жаулап алушылары негізін қалаған. 2011 жылы ақпанда болған Ливиядағы көтеріліс кезінде қала көтерілісшілер әскері жиналған орталықтардың бірі болды. Қаланы Муаммар Каддафидің әскері бомбалап қиратқан.

Дереккөздер