Молизе

Моли́зе (итал. Molise, Үлгі:Lang-nap) — Италия әкімшілік аймағы. Абруццо, Лацио, Кампания және Апулия аймақтарымен шектеседі, Адриат теңізіне шығады. 2 провинциядан тұрады: Кампобассо және Изерния. Астанасы - Кампобассо.

Әкімшілік аймақ
Молизе
Molise
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Кіреді

Оңтүстік Италия

Енеді

Провинциялар:
Кампобассо, Изерния

Әкімшілік орталығы

Кампобассо

Басшысы

Микеле Йорио (2005)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°41′59″ с. е. 14°36′40″ ш. б. / 41.69972° с. е. 14.61111° ш. б. / 41.69972; 14.61111 (G) (O) (Я) 14°36′40″ ш. б. / 41.69972° с. е. 14.61111° ш. б. / 41.69972; 14.61111 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

4 438 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

322 000 адам

Тығыздығы

75 адам/км²

regione.molise.it/web/PortaleRegioneMolise.nsf?Open

Молизе картада

14°36′40″ ш. б. / 41.69972° с. е. 14.61111° ш. б. / 41.69972; 14.61111 (G) (O) (Я)

Физико-географиялық сипаттамасы

Молизе провинциялары

Таулы жерлері көбінесе аймақтың түкпірінде Лацио және Абруццо шекараларында орналасқан. Ең үлкен тау сілемдері - Кампо, Капраро және Мета (тау). Адриат теңізі жағалауына жақындай бере жердің таулылығы азаяды. Су ағындары тауларда аймақтың үш басты өзендері - Триньо, Биферно және Форторе ағатын өзен аңғарларын қалыптастырған. Негізгі тау жыныстары - шөгінді, әктасты болып келеді. Бұл өз кезегінде жылжымалар мен селдердің пайда болуына себепші болады. Орман алқаптары аз кездеседі. Күзі жаңбырлы, қысы суық болып келеді. Молизе оңтүстік Италияның ең суық аймақтарының бірі болып табылады. Сонымен қатар жағалау климаты жылы және теңіз бриздеріне тәуелді болып келеді.

Экономикасы

Молизе әкімшілік аймағы 1963 жылы Абруццо аймағынан бөліну нәтижесінде пайда болды. Ауыл және Мал шаруашылығы бұрыннан бері аймақ экономикасының негізі болып келеді. Бұл жөнінде көршілес аймағы Абруццомен ұқсастығына қарамастан, Молизе экономикасы баяуырақ дамуда. Индустриалды өндірісі әлсіз дамыған, көбіне Биферно өзені аңғары мен Термоли қаласында орналасады. Бұл - аймақта пайдалы қазбалардың және туристік объектілердің аз тарағандығына байланысты.Аймақтын ЖІӨ - 0,4%. Молизе ЖІӨ 5.958,7 млн еуроны құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ - 18.591,9 еуро.

Қала орталықтары

Молизе елді мекендерінің басым көпшілігінің тарихы ежелгі замандардан бері созылып келеді. Кампобассо (51 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) - аймақ астанасы, аймақтың түкпірінде теңіз деңгейінен 700 м биіктікте орналасқан; сауда ісі аймақ экономикасының негізін құрайды. Жағажайдағы Термоли (31 мың адам, 2006 жылғы санақ бойынша) балық аулау орталығы өзінің аймақтағы ең үлкен кемежайымен және мөлшермен XI ғасырда салынған сарайымен белгілі

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Molise

Дереккөздер

  • Mangasaryan V. Le Regioni d'Italia. Erevan, 2003.