Оливер Бирхофф

Оливер Бирхофф (нем. Oliver Bierhoff; 1 мамыр 1968 жыл, Карлсруэ, ГФР) — неміс футболшысы, шабуылшы. Қазір Германия Ұлттық футбол құрамасының менеджері. Германия құрамасының бұрынғы футболшысы, 1998-2001 жылдардағы капитаны.

Карьерасы

Спорттық карьерасында бірнеше италиялық клубтарда ойнады. Тек "Милан" сапында ғана жоғары жетістікке жетті, 1999 жылы Италия чемпионы атанды. 2003 жылы "Кьево" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, бір жылдан соң Германия футбол құрамасының сол кездегі бапкері Юрген Клинсманның тағайындауымен Бирхофф үшін арнайы жаңадан ашылған қызметке — құраманың менеджері болып іске кірісті. Содан бері үзіліссіз сол қызметті атқарып келе жатыр.

Одан бөлек Бирхофф Sat.1. телеарнасында Чемпиондар Лигасынның матчтарын жүргізетін комментатор болып та істейді.

Ұлттық құрама сапында 1996-2002 жылдары ойнап, 70 кездесуде алаңға шықты да, 37 гол соқты. Бирхофф әсіресе 1996 жылы жарқырады. Сол жылғы ЕУРО-Финалдағы ГерманияЧехия матчында екі доп соғып, 0:1 есебімен ұтылып тұрған Германия құрамасын жеңілістен құтқарып қана қоймай, чемпиондықты иеленуіне өлшусіз үлес қосты. Айта кетейік, Еуропа чемпионаттары тарихындағы тұңғыш "алтын голды" сол матчта Бирхофф соқты.

Жетістіктері

Командалық

«Милан»

  • Италия чемпионы: 1998/99

Германия

  • Еуропа чемпионы: 1996
  • Әлемнің вице-чемпионы: 2002

Жекелей

  • Италия А сериясының үздік мергені: 1998
  • Италия B сериясының үздік мергені: 1993
  • Германияның үздік футболшысы: 1998
  • «Милан» клубының "Құрмет тақтасына" ілінген.

Клубтық карьерасы

1986—1988 Байер (Юрдинген)31(4)
1988—1990 Гамбург34(6)
1990 Боруссия (Менхенгладбах)8(0)
1990—1991 Аустрия Зальцбург32(23)
1991—1995 Асколи117(48)
1995—1998 Удинезе86(57)
1998—2001 Милан91(38)
2001—2002 Монако18(5)
2002—2003 Кьево26(7)
1986—2003Барлығы443(188)

Сілтемелер