Освальдо Ардилес

Аргентиналық футболшы және менеджер

Освальдо Сесар (Осси) Ардилес (ис. Osvaldo César «Ossie» Ardiles; 3 тамыз 1952 жыл, Бель-Вилье, Аргентина) — аргентиналық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жатттықтырушысы

Освальдо Ардилес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 тамыз 1952 (1952-08-03) (71 жас)

Туған жері

Бель-Вилье, Аргентина

Азаматтығы

Аргентина Аргентина

Бойы

169

Салмағы

62

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
1969—1974Аргентина Институто14 (3)
1974Аргентина Бельграно16 (2)
1974—1978Аргентина Уракан113 (11)
1978—1982Англия Тоттенхэм238 (16)
1982—1983 Франция ПСЖ14 (1)
1985 Аустралия Сейнт Джорджс1 (0)
1987—1988Англия Блэкберн Роверс5 (0)
1988—1989Англия КПР8 (0)
1989Америка Құрама Штаттары Форт-Лодердейл5 (1)
1989—1991Америка Құрама Штаттары Суиндон Таун2 (0)
1969—1991БАРЛЫҒЫ406 (33)
Ұлттық құрамы[* 2]
1975—1983 Аргентина51 (8)

1978 жылғы әлем чемпионы.

Карьерасы

1975 жылы Америка кубогына, 1978, 1982 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 1982 жылғы әлем чемпионатында 1-нөмірде ойнады, ол кезде Аргентинада футболшыларды позициясына қарап емес, әліпби бойынша нөмірлейтін.

Әлем чемпионаттарындағы жалғыз голды 1982 жылы топтық турнирде Мажарстанның қақпасына соқты. Бұл ойында Аргентина 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Аргентина, Аустралия, Мексика, Англия, Франция, АҚШ клубтарында ойнап, 1991 жылы 39 жасында 22 жылға созылған карьерасын аяқтады.

1989 жылы Англияның "Суиндон Таун" клубында ойыншы-бапкер қызметін атқарды әрі бапкерлік карьерасын осы клубта бастады. Кейін Англия, Жапония, Мексика, Хорватия, Сирия, Парагвай, Израиль клубтарын жаттықтырды.

2012 жылы футболмен түпкілікті қоштасты.

Жетістіктері

Командалық

Ойыншы ретінде

  • Әлем чемпионы: 1978.
  • Англия кубогы: 1981, 1982.
  • УЕФА кубогы: 1984.

Бапкер ретінде

  • Жапония кубогы: 1996, 1998, 2005.
  • Жапония чемпионы: 2000.

Жеке

Ойыншы ретінде

  • Англияның үздік футболшысы: 1979.

Дереккөздер

Сілтемелер