Блэкберн Роверс

«Блэкберн Роверс» (ағылш. Blackburn Rovers FC) — Англияның Блэкберн қаласындағы футбол клубы. 1875 жылы құрылған, 1888 жылы Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12 клубтың бірі болды. Өз алаңындағы ойындарын "Ивуд Парк" стадионында өткізеді. Клуб қазір Англияның екінші дивизионында ойнайды.

Англия Блэкберн Роверс
Лақап аттары

Риверсайдтықтар
(ағылш. The Riversiders)[1]

Құрылған жылы

1875

Стадионы

«Ивуд Парк», Блэкберн

Сыйымдылығы

31367

Бас жаттықтырушы

Англия Тони Моубрей

Сайты

https://www.rovers.co.uk/

Жарыс

Чемпионшип

2020/21

15

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік

Тарихы

1994 жылы "Манчестер Юнайтедті" ғана алға оздырып, Англия чемпионатында екінші орынға табан тіреді.

1995 жылы Кенни Далглиштің жаттықтыруымен Премьер лигада тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Ол жылы клубта Алан Ширер, Грэм Ле Со, Дэвид Бэтти, Крис Саттон секілді футболшылар доп тепті. Маусым біткен соң Далглиш кетті де, клуб бұрынғы деңгейіне қайта көтеріле алмады.

2011/12 жылғы маусымда премьер-лигадан кетті. 2017 жылы тіпті үшінші дивизионға төмендеді. Осылай "Блэкберн" Англия чемпиондарының арасында үшінші лигаға түсіп кеткен тұңғыш клуб саналды.

Жетістіктері

  • Бірінші дивизион / Премьер-лига
    • Чемпион (3): 1911/12, 1913/14, 1994/95
    • Вице-чемпион (1): 1993/94
  • Екінші дивизион
    • Чемпион (1): 1938/39
    • Вице-чемпион (2): 1957/58, 2000/01
  • Үшінші дивизион
    • Чемпион (1): 1974/75
    • Вице-чемпион (1): 1979/80
  • Англия кубогы
    • Жеңімпаз (6): 1884, 1885, 1886, 1890, 1891, 1928
    • Финалист (2): 1882, 1960
  • Англия Лига кубогы
    • Жеңімпаз (1): 2002
  • Англия суперкубогы
    • Обладатель (1): 1912
    • Финалист (3): 1928, 1994, 1995

Атақты ойыншылары

  • Дэвид Бентли
  • Дэвид Бэтти
  • Энди Коул
  • Грэм Ле Со
  • Пол Робинсон
  • Крис Саттон
  • Дэвид Томпсон
  • Алан Ширер
  • Тим Шервуд
  • Дэвид Данн
  • Бретт Эмертон
  • Дэмьен Дафф
  • Мичел Сальгадо
  • Хеннинг Берг

Дереккөздер

Сілтемелер