Павел Недвед

Павел Недвед (1972) — футболшы. Павел Недвед 1972 жылы тамыздың 30-ында Чехияның Хебта елді мекенінде туған[1]. Бойы 1 метр 77 сантиметр, салмағы 70 килограмм. "Алтын топтың" иегері, 2003 жылғы Еуропаның ең үздік футболшысы. World Soccer версиясы бойынша әлемнің 2003 жылының ең үздік футболшысы.

Павел Недвед Футбол
Жалпы мағлұмат
Туған күні

30 тамыз 1972 (1972-08-30) (51 жас)

Туған жері

Хеб, Чехословакия.

Азаматтығы

Чехия Чехия

Бойы

178 см

Позиция

Шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

футбол карьерасы бітірдi

Клуб карьерасы[* 1]
1991—1992Чехословакия Дукла (Прага)19 (3)
1992—1996Чехия Спарта (Прага)97 (23)
1996—2001Италия Лацио137 (33)
2001—2009Италия Ювентус247 (51)
1991—2009Барлығы:501 (110)
Ұлттық құрамы[* 2]
2003—Чехия Чехия91 (18)

Өмірбаяны

Карьерасында Чехия және Италия клубтарында ойнады. Клубтық деңгейдегі барлық жүлделерін Италияның "Лацио" және "Ювентус" командалары сапында ұтып алды.

Әсіресе 2003 жыл ол үшін сәтті болды. "Ювентус" УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "Миланнан" ұтылып қалғанына қарамастан, Недведтің таланты мен еңбегі ескеріліп, бірнеше номинацияның иегері атанды (төменде көрсетілген).

Қазір "Ювентус" клубының вице-президенті қызметін атқарады.

1994 жылы 5 маусымда Ирландия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Чехия құрамасы сапында алаңға шықты. 1996, 2000, 2004 жылдары Еуропа чемпионатына, 2006 жылы әлем чемпионатына қатысты.

2006 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасын тәмамдады.

Жетістіктері

Командалық

  • Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1996
  • Италия чемпионы: 1999/2000, 2001/02, 2002/03
  • Италия суперкубогы: 1998, 2000, 2002, 2003
  • Италия кубогы: 1997/98, 1999/2000
  • УЕФА кубок иелері кубогы: 1999
  • УЕФА суперкубогы: 1999

Жеке

  • Чехияның жыл футболшысы: 1998, 2000, 2003, 2004
  • Алтын доп иегері: 2003
  • Италиядағы жыл футолшысы: 2003
  • ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер