Познань

Познань (пол. Poznań) — Польшаның батыс бөлігінде орналасқан қала. Варта өзенінің бойында орналасқан. Польшаның маңызды сауда, өнеркәсіп, білім беру және мәдениет орталығы. Еуропадағы ең ірі өнеркісіп жәрменкесі - Познань Халықаралық Жәрмеңкесі өтеді. Қаланың тұрғындар саны - 530 мың адам болса, Познань Метрополиясы маңында шоғырланған қала мен кенттерді қосқанда - 1,1 миллион адам.

Қала
Познан
пол. Poznań
Познан ескі қаласы
Познан ескі қаласы
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Польша

Статусы

Войводалық орталығы

Ішкі бөлінісі

5 аудан

Қала президенті

Ятсек Яшковяк

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°24′ с. е. 16°56′ ш. б. / 52.400° с. е. 16.933° ш. б. / 52.400; 16.933 (G) (O) (Я) 16°56′ ш. б. / 52.400° с. е. 16.933° ш. б. / 52.400; 16.933 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

10 ғасыр

Қала статусы

1253

Орталығының биiктігі

103 м

Климаты

орта континентті

Уақыт белдеуі

UTC+1, жазда UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

529,410 [1] адам (2019)

Тығыздығы

2040 адам/км²

Агломерация

1029021[2]

Ұлттық құрамы

поляктар

Конфессиялар

католиктер

Этнохороним

познандық, познандықтар

Ресми тілі

поляк

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+48 61

Пошта индекстері

60-001 немесе 61–890

poznan.pl

Познан картада
Познан
Познан

Экономикасы

Познань қаласы Польшаның жалпы ішкі өнімінің 2,8 пайызын өндірді.[3] Бұл көрсеткіш бойынша Варшава мен Краковтан кейін үшінші орында орналасқан. Одан басқа көптеген батыс компанияларының зауыттары мен бөлімшелері орналасқан. Мысалы: Volkswagen, GlaxoSmithKline, Amazon, Bridgestone, Beiersdorf, Raben Group.

Білімі беру

Адам Мицкевич Университетінің бас ғимараты

Познань қаласы Польшадағы ең ірі оқу-білім орталықтарының төрттігіне кіреді. Студент саны 130-140 мың адамға жуық. Қалада 30 университет пен колледж орналасқан. Олардың ішінде ең ірі және маңыздылары:

  • Адам Мицкевич университеті
  • Познан технология университеті
  • Познан экономика және бизнес университеті
  • Познан медицина ғылымдары университеті
  • Познандағы өмір білімдері университеті
  • Познан университетінің дене тәрбиесі мектебі
  • Познандағы бейнелеу өнері университеті
  • Познандағы музыка академиясы

Географиясы

Варта өзеніндегі Острув Тумски аралы

Познан қаласы Полшаның батыс өңірінде, Варта өзенінің бойында орналасқан. Польшаның батыс бөлігінде, Үлкен Польша воеводалығының орта бөлігінде орналасқан. Бұл қала Үлкен Польша войводалығының астанасы. Варта өзенінің аңғарында, сондай-ақ Богданка, Кибина және Гловна деген кішігірім су ағындарының аумағында орналасқан. 2012 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша қаланың ауданы 261,91 км². Познаньның солтүстік-оңтүстік осі бойынша әкімшілік шекараларының көлемі шамамен 22 км, ал шығыс-батыс осінде шамамен 21 км.[4].

Қаланың аумағында жасанды түрде жасалған бірнеше үлкен көлдер мен бірнеше ондаған кішігірім су қоймалары бар. Табиғи мұздық көлдер - Кекж бен Стжечин. Ал ең үлкен жасанды су қоймалары мыналар:

  • Русалка тоғаны
  • Олшак тоғаны
  • Броварны тоғаны
  • Антонинек тоғаны
  • Кайка тоғаны
  • Стара Баба тоғаны

Ауа райы

Познанда Атлант мұхитынан келетін теңіз ауа массаларының әсері басым. Полярлық-континенттік және тропиктік ауа массаларының маңызы әлдеқайда аз. Сондықтан бұл қала континеттік және мұхиттық климат арасындағы өтпелң аймақта тұр. Алайда Атлант мұхитынан келетін теңіз ауа массаларының әсері полярлық-континенттік және тропиктік ауа массаларына қарағанда басым. Сондықтан қысы мен жазы жұмсақ болды.Познань ауданында жылдамдығы 2-ден 10 м/с-қа дейінгі батыс желдері жиі кездеседі. Познань Польшадағы жауын-шашын ең аз түсетін аймақтарының бірі болып табылады.

Көлік

Познанда 5 ұлттық дәрежедегі тас жол және 7 аймақтық тас жол түйіседі. Сонымен қатар 8 теміржол 8 жол желісі кесіп өтеді, бұл Полшада аумағында ең ірі теміржол түйіні болып табылады. Қалада орналасқан Познан-Лавица әуежайы 2018 жылы 2,5 миллионға жуық жолаушыны тасымалдады.

Қала қоғамдық көлігі

Познан трамвайы

Познан қаласының қоғамдық көлік жүйесі трамвай, автобус, қала маңында жүретін пойыз, такси және қалалық белесебет қызметтерінен тұрады. Трамвай жүйесінде 18 күндізгі бағдар, 2 түнгі бағдар және 2 тарихи бағдар бар. Автобус жүйесінде 47 қалалық бағдар және 66 қала маңындағы бағдар, 2 тарихи бағдар. Сонымен қатар қалада 12 түнгі бағдар бар.

Мәдениет

Әулие Мартин бәліші
Познаньдағы Үлкен Театр

Жалпы Польша мәденитіне қатолик діні түбегейлі әсер еткендіктен, Познань қаласында діни сәулет пен діни мейрамдар басым. Жыл сайын қалада Әулие Мартин Күні аталып өтеді. Бұл күні қала тұрғындары Әулие Мартин көшесіне жиналып Познаньда ойлап табылған Әулие Мартин бәліші пісіріліп көшеде сатылады.

Познаньда дәстүрлі Үлкен Театр (Teatr Wielki) мен Поляк Театры (Teatr Polski) деген әйгілі ұйымдардан басқа 30 жуық балама тетарал көрсетілім топтары бар. Балама театр өнерінің дамуы жағынан Познань Польшадағаы алдағы қала болып саналады.[5]

Дереккөздер