Сутек пероксиді

Сутек пероксиді немесе Сутегінің асқын тотығысутек пен оттектің қосылысы, формуласы - Н2О2. Жаратылыста ауадағы оттек түрлі заттарды тотықтырып оксид түзгенде, соған қосалқы зат ретінде сутек пероксиді түзіліп, артынша айырылып жатады. О-О арасындағы байланыс энергия (210 кДж), екі есеге жуық кем. Сутек пероксиді молекуласындағы оттек атомдары полюссіз байланыс арқылы, ал оттек пен сутек атомдары полюсті байланыспен қосылысқан. Н-О арасындағы байланыстар молекула ішінде симметриясыз орналасқандықтан, сутек пероксиді молекуласы өте полюсті молекула. Н2О2 молекулалары арасында туатын сутектік байланыс берік болып, молекулалар ассоциацияланып жүреді. Сондықтан сутек перексоді қалыпты жағдайда - түссіз, қою сұйықтық (S=1,44) қайнау температурасы да едәуір жоғары (150,2 °С) қатуы -0,43 °С. Н2О2 су сияқты сутектік байланыс түзетіндіктен, сумен кез келген мөлшерде араласып ериді, ертіндіден кристаллогидрат Н2О2·2Н2О түрінде (тұрақсыз, T=-52,0 °С) бөлінеді.

Ерекшелік: тек қана пероксидтерде Оттектің тотығу дәрежесі +1 ге тең болады.

Дереккөздер

Жалпы химия кітабы, 1992 жыл Алматы, 252 бет