Тайынша

ТайыншаҚазақстандағы қала (1960 жылдан). Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әкімшілік орталығы (1932 жылдан), темір жол торабы.

Қала
Тайынша
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Солтүстік Қазақстан

Ауданы

Тайынша

Қалалық әкімдігі

Тайынша

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°50′52″ с. е. 69°45′50″ ш. б. / 53.84778° с. е. 69.76389° ш. б. / 53.84778; 69.76389 (G) (O) (Я) 69°45′50″ ш. б. / 53.84778° с. е. 69.76389° ш. б. / 53.84778; 69.76389 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Красноармейск

Қала статусы

1962

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 065[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71536

Пошта индексі

151000

Автомобиль коды

15

Тайынша картада
Тайынша
Тайынша
Тайынша картада
Тайынша
Тайынша

Географиялық орны

Облыс орталығы – Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Шағалалы өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Халқы

1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 13233 адам (6433 ер адам және 6800 әйел адам) болса, 2009 жылы 12418 адамды (5915 ер адам және 6503 әйел адам) құрады.[2]

Тарихы

1997 жылға дейін Красноармейск қаласы деп аталды және бұрынғы Көкшетау облысы Красноармейск ауданының әкімшілік орталығы болды. 1996 жылға дейін Тайыншада жөндеу-механикалық, сүт-нан зауыттары, құрылыс материалдары мен құрылымдық комбинат, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты, жиһаз фабрикасы, т.б. болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың барлығы жекешелендіріліп, АҚ-тар мен ЖШС-терге біріктірілді. 2006 жылы биоэтанол өндіретін кешен «Биохим» ашылған.

Инфрақұрылымы

Тайыншада жалпы білім беретін 5 мектеп, кәсіптік-техникалық лицей, кинотеатр, мәдениет үйі, аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, т.б. әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нышандар жұмыс істейді. Тайынша арқылы Көкшетау – Петропавл темір жолы өтеді.

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм