Тотығу-тотықсыздану реакциясы

Тотығу-тотықсыздану реакциясы — тотығу дәрежесінің өзгеруімен жүретін реакция.

Мұндай реакцияға әрдайым тотықтырғыш зат пен тотықсыздандырғыш зат қатысады. Басқа заттар берілген реакция жүретін орта ретінде әрекет етуі мүмкін. Кондуктометрлік титрлеу практикасында сирек қолданылады. Бұл жағдайда кондуктометрліктитрлеу әдісінің мүмкіндігі шектеулі, өйткені тотығу-тотықсыздану реакциясы қышқылдык және негіздік ортада жүреді, сондықтанэлектр өткізгіштігінің шамасын анықтауға кедергі жасайды. Тотығу-тотықсыздану реакциялардын оте тез жүруі де әдістің кемшілігінежатады. Реакция жылдамдыгын арттыруға мүмкіндік беретін температураның кетерілуі кондуктометрлік ұяшықтың температурасынтұрақтандыруды талап етеді. Әрине, бұл оңай шешілмейтін мәселе.

Осының барлығы эквиваленттік нүктені анықтауды қиындатады.Мысалы, арсенит ионын иод ерітіндісімен кондуктометрлік титрлеуді қарастыруға болады:

AsO33- +I2 + Н2O -> AsO43- + 2Н+ +21-

Ерітіндіге КНСО3 қосқанда бұл тепе-теңдік Н+ иондарын НСО,иондарымен байланыстырудан оңға ыгысады, өйткені сутек ионыбір валенгті гидрокарбонат анионымен әрекеттесіп, жоғарғы қозғалғыштығы бар (78,84) иодид ионының концентрациясы артады. Бұлэлектр өткізгіштігінің жоғарылауына келтіреді. Егер арсенитті иодтың спирттегі ерітіндісімен титрлесе, онда электр өткізгіштік э.н.-ге дейін-ақ (су ерітіндісінен гөрі бірден) өседі, ал э.н.-ден кейін өзгермейді. Бұл жағдайда иілу бұрышы сүйірлеу болады.[1]

Дереккөздер