Тунгус метеориті

Тунгус метеориті – планетаралық кеңістіктен Ресей жеріне келіп түскен метеорлық дененің қалдығы. 1908 жылы 30-маусымда, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7-де Красноярск өлкесінде байқалған, метеориттің құлап түсуін елестететін, (бірақ одан өзінің масштабы жағынан үлкен болып келген) өте сирек кездесетін табиғи құбылыс. Аспанда Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай қозғалған өте жарық болид бірнеше секунд бойы көрінді. Ол Шығыс Сібірдің радиусы 800 км-ге дейінгі аумағында байқалды. Болидтің қозғалған жолында қуатты тозаң ізі бірнеше сағат бойы сақталып тұрды. Қопарылыс әсері 1000 км-ден астам қашықтыққа сезіліп, қатты гүрсіл естілді. Шаң көтеріліп, үйлер селкілдеп, терезе әйнектері сынды. Иркутскіде, сондай-ақ Батыс Еуропаның бірқатар жерлерінде орналасқан сейсмографтарсейсмикалық толқынды тіркеді. Осы құбылыстың эпицентрін алғаш рет 1927 жылы кеңес минералогы Л.А. Кулик зерттеді. Ол эпицентр маңындағы радиусы 15 – 30 км жердегі ағаштардың радиал бағыт бойынша құлап түскенін анықтады. Қопарылыс кезінде шамамен 1023 – 1024 эрг энергия бөлініп шыққандығы есептеліп табылды. 1938 – 39 жылы құлаған ағаштардың орталығы бөлігіне аэрофототүсіру жүргізілді. Тунгус метеоритін жер атмосферасына ғарыштық жылдамдықпен енген шағын комета деп есептейтін жорамал бар.[1]

Сілтеме