Туынды қаржы құралдары

Туынды қаржы құралдары - бағасы активтің (базистік активтің) бағасымен айқындалатын, яғни осы активтің бағасынан туындайтын қаржы нарығының құралдары.

Туынды қаржы құралдарының негізгі топтары — бағалы қағаздардың дербес айналыстағы сертификаттары, яғни қайталама бағалы қағаздар (мысалы, американдық және ғалами депозитарлық қолхаттар); мерзімді келісімшарттар (фьючерс, форвард, опцион), құрамдастырылған келісімшарттар (мысалы, своптар); будан құралдар мен бағалы қағаздар, яғни дәстүрлі бағалы қағаздардың мерзімді келісімшарттармен құрамдастырылуы (дербес айналыстағы будандар — акциялар мен облигацияларға арналған варранттар; "кіріктірме" будандар — айырбасталатын артықшылықты акциялар мен айырбасталатын облигациялар).

Туынды қаржы құралдарымен (туынды бағалы қағаздармен) сауда биржалық нарықтарда да, биржадан тыс мерзімдік нарықтарда да жасалады.[1]

Дереккөздер