Улисс Грант

Улисс Симпсон Грант (ағылш. Ulysses Simpson Grant, Туғандағы есімі Hiram Ulysses Grant, яғни Хайрем Улисс Грант; 27 сәуір 1822, Пойнт-Плезант, Огайо — 23 шілде 1885, Уилтон, Нью-Йорк) — АҚШ-тың әскери және саяси қайраткері. Огайо штатында саудагер отбасында дүниеге келген. Грант 1846-1848 жылы АҚШ-тың Мексикаға қарсы басқыншылық соғысына қатысты. 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде солтүстіктегілердің полк командирі, федералдық армияның қол басшысы болып, оңтүстіктегі құл иеленушілерді жеңуде көп еңбек етті. 1869-1977 жылдары АҚШ-тың президенті. Грант ірі буржуазияның саясатын жүргізді. Негрлерге сайлау құқығын беруді жақтады, бірақ құлдарға жер беруді қолдамады.

Улисс Симпсон Грант
Ulysses Simpson Grant
Улисс Грант
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ Президенті
Ту
Ту
4 наурыз 1869 жыл — 4 наурыз 1877 жыл
Вице-президентШайлер Колфакс (1869—1873)
Генри Уилсон (1873—1875)
жоқ (1875—1877)
ІзашарыЭндрю Джонсон
ІзбасарыРатерфорд Хейс
Өмірбаяны
ПартиясыРеспубликалық партия (АҚШ)
ДініМетодизм
Дүниеге келуі27 сәуір 1822 (1822-04-27)
Поинт-Плезант
Қайтыс болуы23 шілде 1885 (1885-07-23) (63 жас)
Уилтон
ӘкесіДжесси Рут Грант
АнасыХанна Симпсон
ЖұбайыДжулия Грант
БалаларыФредерик Дент Грант, Улисс Грант, Эллен Реншалл Грант, Джесси Рут Грант
ҚолтаңбасыҚолтаңбасы
Улисс Симпсон Грант Ортаққорда

Дереккөздер